Павлодар облысы Успен ауданының Екатеринослав ауылын тарату туралы БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫСЫ МЕН ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫ

01.03.2017

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар облысы Успен ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

елді мекен мәртебесінен айырылуына және оның аумағын Успен ауданы Лозовский ауылдық округі Лозовое ауылының құрамына енгізуіне байланысты Екатеринослав ауылы таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.

2. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Павлодар облысының                                     Сессия төрағасы,

 әкімі                                                                     облыстық мәслихаттың хатшысы

                         Б. Бақауов                                                                        В. Берковский

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp