Успен ауданында өткен «Бірыңғай денсаулық күні» аудандық акциясы

15.03.2017

2017 жылдың 11 наурызы сағат 11.00 Успен ауданының білім мекемелерінде аудан прокуратурасы әзірлеген «Салауатты аймақ – қауіпсіз!» жобасының аясында және алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын жоюдың тиімді тетіктерін қалыптастыру, қылмыскерлік деңгейін азайту, жастар арасында алкогольдік ішімдіктерді пайдалануды азайту үшін жағдай жасауға бағытталған «Бірыңғай денсаулық күні» аудандық акциясы өткізілген болатын.

Акцияның мақсаты - оқушыларды, ата-аналарды, қоғамды халық арасында, атап айтқанда жастар арасындағы өзекті мәселе - алкоголизм дертінің таралуына назар аударту, отбасының бала тәрбиесіндегі ролін нығайту және көтеру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау болып табылады.

Бұл күні ауданның барлық мектептерінде әр- түрлі спорт түрлерінен аумақтық жарыстар ұйымдастырылды. №2 Успен ЖОББМ «Зарница» әскери—спорттық ойыны өткізілді. Аудандық әскери-патриоттық клубтардың қатысушылары әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өздерінің білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Павлов ЖОББМ үстел үсті тенисі, шахмат, дойбы сайыстары өткізілді.

Константинов ЖОББМ жанындағы спорт кешенінде Константинов, Таволжан және Равнополь оқушыларының командалары футзалдан жарыс ұйымдастырды.

Баскетбол ойындарынан Ольгин және Тимирязев мектептерінің оқушыларын баскетболдан ең үздік атағы үшін жарысқа түсті.

 Богатырь, Қозыкеткен, Ковалев, Лозов және Қаратай ауылдарының отбасылары арасында «Әкем, анам, мен – спортшыл отбасы» отбасылық эстафетасында отбасылар шеберліктерін ортаға салып сайысқа түсті.

 «Бірыңғай денсаулық күні» аудандық акциясына барлығы 500 оқушы мен ересектер қатысты. Ұйымдастырылған іс-шараның нәтижесінде барлық қатысушылар сергектік қуат алды, тамаша көңіл күйге бөленді. Жеңімпаздар грамоталар мен сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік іс-шараларға аудан прокуроры Е.Ж.Нұрғали, прокурордың көмекшілері М.П. Дебус, Р.А.Нұрғалиев, оқушылар, педагогтар, ата-аналдар, ауылдық әкімдіктердің өкілдері, ауданның ардагер спортшылары қатысты.

Успен ауданының прокуратурасы

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp