Түнгіуақытта алкоголь өнімін сатқаны үшін айыппұл салынды

03.03.2017

Успен аудандық соты аудан тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБК-нің 200-бабының 3-бөлігімен әкімшілік істі қарады.

ҚР ӘҚБК-нің 200 б. 3 б. мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн сағат 21-тен келесі күнгі сағат 12-ге дейiн бөлшек сауда арқылы өткiзгені үшін жауапкершілік көздейді.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы дүкенде сатушы болып жұмыс жасай жүріп, 1 дана сыраны түнгі сағат 10.00-ден кейін өткізген.

Соттың қаулысымен құқықбұзушы ҚР ӘҚБК-нің 200 бабының 3 бөлігінде көзделген құқықбұзушылық үшін кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 22690 теңге айыппұл салынды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Успен аудандық соты баспасөз қызметі

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp