Қаратай ауылындағы көше атауларын қайта атау мәселесі бойынша жергілікті қоғамдастықтың жиналысының шешімі

02.03.2017

Қаратай ауылы                                                                                2017 жылғы 27 ақпан

Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңыны 14-1 бабына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары негізінде» № 138 қаулысына сәйкес Қаратай ауылы тұрғындарының өтінішін қарастырып, жергілікті қауымдастық мүшелері ШЕШІМ қабылдады:

1. Қаратай ауылының төмендегі көшелерді қайта атау туралы ұсыныс облыстық ономастикалық комиссия қарауына жіберілсін.

1.1 «Целинная» көшесін «Мәшһүр Жүсіп Көпеев» көшесіне қайта атау;

1.2 «Центральная» көшесін «Мәншүк Мәметова» көшесіне қайта атау;

1.3 «Степная» көшесін «Азаттық» көшесіне қайта атау;

1.4 «Октябрьская» көшесін «Татулық» көшесіне қайта атау;

1.5 «Школьная» көшесін «Ыбырай Алтынсарин» көшесіне қайта атау;

1.6 «Молодежная» көшесін «Бауыржан Момышұлы» көшесіне қайта атау;

1.7 «Молдавская» көшесін «Әлия Молдағұлова» көшесіне қайта атау;

1.8 «Полтавская» көшесін «Тәуелсіздік» көшесіне қайта атау;

1.9 «Кузнецкая» көшесін «Бірлік» көшесіне қайта атау.

2. Қаратай ауылының әкімі ҚР қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртібінде Қаратай ауылының көшелерін қайта атау бойынша қажетті құжаттар дайындасын.

Қаратай ауылының әкімі

жиналыстың төрағасы                                                                Б. Бекенов

Хатшы                                                                                                А. Смаилова

 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp