Успен ауданының 2016 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы туралы

20.01.2017

Жалпы алғанда жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады.

Өңірдің даму көрсеткіші ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы табысының НКИ болып табылады. 2016 жылдың 12 айында осы көрсеткіш 103,0% құрады немесе ақшалай 13,5 млрд. теңге (2015 ж. -11,2 млрд.теңге 123,2 %).

Өсім мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту, өсімдік саласындағы оң динамика есебінен орын алды.

Жыл сайын ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы ұлғаюда, 2016 жылы 201,2 мың га. құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 4,4 мың га. артық (2015 ж. 196,8 мың га, 102,2%).

Ылғалды сақтау технологиясы бойынша егіс алқабын ұлғайту жұмысы жалғастырылды, бұл 82,5 мың га құрады, өсім 0,4% (2015 ж. – 82,2 мың га).

Астық жинау науқаны қорытындысы бойынша орташа шығымдылық әр гектардан 11,0 ц болғанда 124,3 мың тона дәнді дақыл жиналды (2015 ж. – 128,4 мың тоннаа, 104,6%) майлы дақылдар 31,0 мың тоннаа, орташа шығымдылық гектарынан 7,3 ц, (2015 ж. – 22,4 мың тоннаа, 8,1 ц/га).

Мал шаруашылығы саласында мал шаруашылығы өнімдерін шығаруды артқаны байқалады: ет– 5 119,3 тоннаа (100,1%), сүт– 22 437,9 тона (101,7%), жұмыртқа – 6 746,6 мың дана (100,2%).

Анықтама: Мал қыстағын табысты өткізу үшін 63,9 мың тоннаа мал азығы дайындалды, сонымен қатар 37,0 мың тоннаа сүрлем, 26,1 мың тоннаа пішен дайындалды.

Мал шаруашылығы саласындамалдардыың негізгі түрлерінің саны азайғаны байқалады:

ІҚМ – 22 024 бас (100,0%), сиыр – 11 100 бас (113,4%), жылқы – 4 640 бас (95,5%), қой- 16 523 бас (86,3 %), ешкі –453 бас (77,6%), шошқа – 3 155 бас (54,7%) және құс – 42 620 бас (100,6%) өткен жылдың деңгейіне.

Жеке аулалардағы мал басы санының азаюы есебіне байланысты.

Сыбаға, Құлан және Алтын Асық бағдарламалары шеңберінде жоспарланған көрсеткіштер толық орындалды. Шағын бордақылау алаңдарына кредит беру бойынша «Береке» бағдарламасы 200% орындалды.

7 шараушылық «агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау бағдарламасы бойынша» 22,8 млн. теңге сомасына субсидия алды.

Ауылда ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша жұмыстар өткізілді, 2016 жылы желтоқсан айында Успен а/о мен Қоңырөзек а/о сүт дайындау бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтері тіркелді.

Қосымша 3 қайта өңдеу объектілері іске қосылды, күнбағыс тұқымдарын орау және пакетке салу цехы «Белый и К» ШҚ, сүтті қайта өңдеу және «Адыгейский» сорты сырын дайындау ЖК «Ремхен И.Д.» және күнбағыс майын өндіретін цех «Егенбай» ШҚ.

Жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі

2408,4 млн. теңгені құрады немесе 105,2% (2015 ж. – 1922,0 НКИ 106,9%).

Анықтама: жыл қорытындысы бойынша қайта өңдеу көлемі : нан және тоқаш бұйымдары – 1272,0 тонна (2015 жыл – 1098,0 тонна 115,8%), күнбағыс майы- 220,0 тонна (2015 жыл – 220,0 тонна 100,0%) , шұжық өнімдері – 36 тонна (2015 жыл – 36 тонна 100 %), сары май – 12 тонна (2015 жыл – 12 тонна 100 %), сыр – 132 тонна (2015жыл – 127,0 тонна 103,9%).

Шағын және орта кәсіпкерлік

Жыл қорытындысы бойынша экономиканың кәсіпкерлік секторында дамудың оң динамикасы бар, оны мына көрсеткіштер айқындайды.

Бөлшек сауда айналымының нақты көлем индексінің артуы 105,6% құрады, ақшалай 1707,9 млн. теңге (2015 ж.- 178,4 %).

Аудан аумағында 660 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде жұмыс істейтіндері 606 бірлік, бұл облыстық көрсеткіш 84,8% болғанда тіркелгендердің ұлес салмағынан 91,8% құрайды. Осыларда жұмыс істейтіндер саны 1421 адам немесе экономикалық белсенді тұрғындар санының 16,8 %, олар 1577,0 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті (107,6%) (2015 ж. 1465,0 млн. теңге).

Бюджетке салық түсімдерінің көлемі 92,5 млн.теңгені құрады немесе 2015 жылға қарағанда 113,5 % (2015 ж. – 81,5 млн. теңге).

Инвестициялар

Есеп беру мерзімінде ауданға 1981,4 млн. теңге тартылды (2015 жыл–1810,1 млн.теңге), соның ішінде бюджеттік инвестициялар 851,8 млн.теңге, меншік және заем қаражаттары 1 129,6 млн. теңге (2015 жылы -858,4 млн. теңге, 131,6 %).

Анықтама: 2016 жылы меншік және заем қаражаттары есебінен 60 аса ауыл шаруашылығы техникалары мен басқа тауарлы-материалдық құндылықтар сатып алынды.

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1488,9 млн. тенгеге орындалды (2015 ж.-1 060,7 млн.теңге,динамика 186,7%). 2016 жылы тұрғын үй құрылысына 47,8 млн.тенге инвестрленді, пайдалануға 1133 ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді (2015 жылы 43,6 млн. тенге инвестрленді, 600,0 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді..

Басымды міндеттердің бірі көлік инфрақұрылымын дамыту және жақсарту болып табылады. Ауданда жолдары жайы қанағаттанарлық.

Дмитриев селосына кіре беріс бағытындағы аудандық маңызы бар жолдарға 63,5 млн. тенге сомасына орташа жөндеу өткізілді (10,5 шм.)

Аудан бюджетінен ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға 32,3 млн. тенге бөлінді, жолдарды жазғы жәнә қысқы күтіп ұстау жұмыстары өткізілді, Успен селосынада Ленин, 8-Наурыз, Элеваторная көшелерінің жолдарына 27,1 млн. теңге сомасына орташа жөндеу жүргізілді.

Павлодар–Успенка– Ресей Федерациясы шекарасы бағытындағы Республикалық маңызы бар автожолдарға жалпы сомасы 563,0 млн. теңге сомасына орташа жөндеу өткізілді (ішін ара 24,5 км),

Барлық ауылдар 100% телефонизацияланған, бүгінгі күні аудан бойынша Интернет пайдланушылар саны – 2261.

 Аудан халқының 43,0 % (5251 адам) орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген. Константинов селсоында тұрғындар үшін су жеткізу ұйымдастырылған болатын, есеп беру жылында су құбыры желісінің құрылысы басталды.

Әлеуметтік сала

Әлеуметтік блок бойынша өткен жылдың осы мерзіміне қарағанда аз қамтылған отбастары санының 50,0% азайғаны байқалады және 11 адамды немесе 3 отбасын құрады (2015 - 6 отбасы 22 алушы).

Анықтама: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті жалпы сомасы 132,2 мың теңге сомасына 11 алушысы бар 3 отбасы алды.

451 адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді, соның ішінде 264 жұмыссыз, жұмысқа орналастырылғандар санынан 94 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, 40 жұмыссыз адам ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинсі мамандығы бойынша кәсіби дайындықтан және қайта даярлаудан өтті. Барлығы 100% жұмысқа орналастырылды.

Жоспар 100 адам болғанда 189 жұмыссыз азамат қоғамдқ жұмыстарға қатысты, асыра орындау 189% құрайды (2015 ж. жоспар 100 адам болғанда 193 жұмыссыз жіберілген).

Білім беру

Успен ауданының білім беру жүйсі 27 мемлекеттік білім беру ұйымдарынан тұрады: 20 школ,мектеп, №23 агротехникалық колледж , 3 мектепке дейінгі мекеме, 3 мектептен тыс мекеме.

Оқушылар контингенті 1,5 мың адамды құрайды.

Компьютермен жабдықтаудың орташа көрсеткіші бір компьютерге 2,4 адамды құрайды. Білім беру сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда. 2016 жылы 46 түлек ҰБТ қатысты, қатысу 63,0 % құрады, орташа бал 79,41, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,01 балға артық.

Ауданда педагогика кадрларының сапа құрамы ерекше назарда. Мектептерде 345 педагог жұмыс істейді, соның ішінде жоғары білімі барлар - 280 немесе 81%, орта арнаулы білімі барлар - 65 немесе 18 %. Жоғары және бірінші санаттағы педагогтар үлесі 188 немесе 54,5%.

Басымды тәртіпте балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бойынша «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ауданда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%, 1 жастан 6 жасқа дейін – 77,6%, облыстық 75,3 %. 2016 жылы Қозыкеткен мектебі жанындағы шағын орталық қазақ тілінде оқытатын және тәрбиелейтін 25 орынмен негізгі мектепке ауыстыру жолымен кеңейтілді, «Айголек» бөбек жайының мәртебесі өзгертілді, бұл 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған орында 15 арттыруға мүмкіндік берді.  

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласын дамытудың маңызды бағыты халық денсаулығын нығайту болып табылады. 10000 тұрғынға шаққанда дәрігер кадрлармен қамтамасыз ету 20,5% құрайды, орта медициналық персонал 57,5%. 25 дәрігер және 70 орта медицина қызметкерлері аудан халқына дәрігерлік көмек көрсетеді.

Денсаулық сақтау саласындағы басты жетістік –халық денсаулығы көрсеткішінің жағымды динамикасы, ана өлімінің орын алмауы. Жалпы өлім санының 18,4% төмендегені байқалады.

Қан айналымы сырқатына шалдығу 8 % төмендеді және облыстық көрсеткіш 2422,6 промиллиле болғанда 1625,7 промиллені құрады.

100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезге 49,3 промиллені құрады, бұл 2015 жылдың осы мерзіміне қарағанда 8,3 промиллеге артық.

Қатерлі ісікке шалдығу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 312,0 промиллені құрады, 2015 жылдың осы мерзіміне қарағанда 33,3 промиллеге артық.

2015 жылы Таволжан ауылында медициналық пункт құрылысы басталды, жоба құны 59,4 млн. теңге, жобаны аяқтау 2017 жылға жоспарланған.

Мәдениет

Ауданда мәдениет мекемелерінің желісі 39 бірлікті құрайды, соның ішінде 18 ауылдық кітапхана, 20 ауылдық клуб мекемелері, 1 мұражай.

Ауданда 1427 мәдени - бұқаралық шаралар өткізілді (2015 жылы 1245). Тұрғындардан 156600 адам мәдени көпшілік шараларға тартылды (2015 жылы 155600 адам).

 

Спорт

Ауданда дене тәрбиесі мен спортты дамыту 44 дене тәрбиесі ұйымдарына шоғырланған. Аудан спортшыларының иелігінде 138 спорт жабдықтары бар, бұл 2015 жылдың деңгейінде.

Ауданда жүйелі түрде спортпен айналысатындар 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының жалпы санының 28,9 %.

ІІБ

Жалпы алғанда Успен ауданының аумағындағы оперативті жағдай тұрақы және бақыланатын жағдайда.

Қылмыстың кісі өлімі, бопсалау және қару жарақ ұрлау сияқты ауыр түрлеріне жол берілмеді.

Есеп беру мерзімінде жол көолік оқиғаларының 100,0 % артқаны байқалады (5 -тен 10), қаза тапқандар саны 1-ден 2-ге артты, зардап шеккендер саны 6-дан 16-ға артты.

Ауданның жергілікті полиция қызметімен бірлесіп құқық бұзушылық пнен қылмыстың алдын алу мақсатында қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша ерікті құрылымдар бойынша жұмыс жүргізілуде (Сарбаздар, Сакшы).

Дамытудың 2017 жылға арналған перспективалары

620 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы құрылысы, жоба құны 1 200 млн. тенге, «Галицкое» ЖШС, меншік қаражаты.

«Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарамасы шеңберінде үш жобаны іске асыру жоспарлануда:

«Галицкое» ЖШС 347 га алқапта мал азығын өсіру үшін суармалы учаске құрылысы, жоба құны 468,6 млн. тенге, РБ;

строительство орошаемого участка на площади 347 га, для выращивания кормовых культур ТОО «Галицкое» стоимость проекта;

«БИК» ШҚ көкөніс өсіру үшін 200 гаалқапта суармалы учаске құрылысы, жоба құны 400 млн. теңге, ИКИ құны 117,0 млн. теңге РБ;

«Агро плюс К» ФҚ көкөніс өсіру үшін 320 га алқапта суармалы учаске құрылысы. Жоба құны 700,0 млн. теңге, ИКИ құны 160,0 млн. теңге, РБ.

Аудан ауылдары ішіндегі жолдарға 45,3 млн. теңге сомасына орташа жөндеу өткізу.

Мектептерге күрделі жөндеу өткізу жұмысы жалғасады, ағымдағы жылғы аудан бюджетінде 4 білім беру объектісіне күрделі жөндеу өткізуге 79,6 млн. теңге қаражат көзделген (Қозыкеткен, №1 Успен, Константинов, Ковалев мектептерінің терезелерін ауыстыру, ремонт дымовой трубы №1 Успен мектебінің түтін құбырын жөндеу).

Константинов ЖББМ жанындағы қазандық құрылысына арналған жоба әзірлеу аяқталуда, 2017 жылдың бюджетінде ауданның үш мектебі бойынша жоба әзірлеуге 2,8 млн. теңге сомасында қаражат қарастырылған (Константинов ЖББМ ғимаратына күрделі жөндеу, Вознесен ЖББМ электр қазандығын бөлшектеу және құрастыру және Павлов ЖББМ шатырына және асханасына күрделі жөндеу)

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp