«Электронды үкімет» порталын көпшілікке тарату

07.12.2016

Электронды көрсетілетін қызметті пайдалану қажеттілігінің өсуіне қарамастан, Павлодар облысында электронды цифрлық қолдарды алудың шамалы өсуі байқалады. Электронды цифрлық қол «электронды үкімет» порталы арқылы көптеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудың қажетті шарты болып табылады. Осы жағдай халық «электронды үкімет» мүмкіндіктерін белсенді қолданбайтындығын немесе ақпаратттық технологияларды қолдануға дайын еместігін көрсетеді. Электронды цифрлық қолды алған күннің өзінде адамдар қолды бір рет қана пайдаланылады деп есептейді, алайда оның көмегімен көптеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға болады.

Электронды цифрлық қол жыл сайын жаңартуды талап етеді. Әрекет ету мерзімінің аяқталу күніне дейін «электронды үкімет» порталы арқылы электронды цифрлық қолды өздігінен мерзімін ұзартуға болады. Бір жылдық мерзімі аяқталғаннан кейін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тегін жаңартылады.

Электронды цифрлық қол арқылы смартфондар мен жеке компьютерлерге «Е-gov» мобилді қосымшасын жүктеуге болады. Бұл Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбей-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бойынша 709 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 578-і электронды түрде көрсетіле алады, оның ішінде 315-і онлайн режимінде көрсетіледі. «Е-gov» мобилді қосымшасы арқылы 27 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленген «Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша негізгі тапсырманың бірі маңызды мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа ауыстыру болып табылады, 2020 жылға 80%-дан кем емес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ауыстыру жоспарлануда, 2025 жылы 100% мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электронды форматта көрсетіледі.

«Электронды үкімет» порталы арқылы қызметтерді алуды көпшілікке тарату бойынша жұмыс облыс бойынша жеткілікті деңгейде тиімді емес деп бағаланады. «Электронды үкімет» порталына жүгіну мүмкіндігінін болуына қарамастан қызметті алушылар көп жағдайда дәстүрлі түрде тікелей мемлекеттік органға өтініш беру әдісін таңдайды.

Ағымдағы жылдың 9 айында 4 878 171 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде электронды түрде 836 796 қызмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Мемлекеттік корпорациясымен бірге электронды қызмет алуды көпшілікке тарату мақсатында мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдары қызметкерлерін, денсаулық сақтау, білім беру қызметкерлерін, облыстың кәсіпорын жұмысшыларын, студенттерді, яғни халықтың анағұрлым белсенді бөлігін «электронды үкімет» порталының мүмкіндіктерін пайдалануға оқытуды жүргізуде. Азаматтар «электронды үкіметтің» мүмкіндіктерін белсенді түрде пайдалануы керек.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы

бойынша департаментінің мемлекеттік

көрсетілетін қызметтер басқармасы

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp