Успен ауданы әкімінің орынбасары Кабиболла Аманович Абушахманов

10.05.2018

Кабиболла Аманұлы Абушахманов 1958 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында дүниеге келген. Ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша Семей ветеринарлық-зоотехникалық институтын бітірді. Еңбек жолын 1977 жылы Баянауыл ауданының Торайғыров атындағы кеңшарда жұмысшы болып бастаған. Мемлекеттік органдарда жетекшілік ету бойынша үлкен тәжірибесі бар.
1983 жылдан 1991 жылға дейін Баянауыл ауданы кеңшарларында жұмыс істеді: ветеринарлық дәрігер - эпизоотолог, бас ветеринарлық дәрігері. 1991 жылдан бастап - «Бірлік» кеңшарының директоры, Павлодар облысының аумақтық инспекциясының басшысы. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының бастығы болып жұмыс атқарған. 2013 жылы Павлодар облысы әкімінің өкімімен Железин ауданының әкімі болып тағайындалды.
2018 жылдың 04 мамырдан бастап Успен ауданы әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалған.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp