Успен ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы қаулысының жобасы

15.10.2016

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 6) тармақшасына және 27 бабының 1 тармағының 1)тармақшасына сәйкес мүгедектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мақсатында Успен ауданының әкімдігі

КАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Успен ауданының ұйымдарында ұйымдық - құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындары есептелмей, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы мәселеге жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                               Аудан әкімі                                                        С. Саламацкий

 

 Успен ауданы әкімдігінің

 2016 жылғы « »__________

 қаулы жобасына қосымшасы

 

 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасы белгіленетін ұйымдар мен мекемелер тізілім

 

№ р/р

Ауданның ұйымдар мен

мекемелер атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Белгіленген квотаның мөлшері

%

Саны

(адам)

1

«Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

426

4

17

2

Шаруашылық жүргізу құқығындағы

 «Успен орталық аудандық ауруханасы»

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

 

187

3

5

3

Павлодар облысы әкімдігінің

Павлодар облысы Білім басқармасының «Успен аграрлық- техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

 

58

2

1

4

«№1 Успен орта жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі

60

2

1

5

«№2 Успен орта жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі

55

2

1

6

 «Константинов орта жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі

55

2

1

7

 «Қоңырөзек орта жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі

50

2

1

8

 «Лозов орта жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі

62

2

1

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp