Көкейкестік сұрақтар

18.10.2016

2016 жылдың 17 қазанында Успен аудандық әділет басқармасымен Успен ауданы филиалы Павлодар облысы кәсіпкерлік палатасының басшысымен бірге ауданның кәсіпкерлері үшін «Тауар белгісін құқықтық қорғау және тіркеу реті» тақырыбына семинар өткізілді.

Іс-шара барысында тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және Қазақстан Республикасының тауарларының шығу орындарының атаулары, оларды тіркеу тәртібі деген сұрақтар қозғалды. Тауарлық белгілерді күзету қалай жузеге асырылады, заңсыз тауарлық белгілерді қолдану қандай зардапқа әкелетіні жарыққа шығарылды.

Сонымен қатар ауданның кәсіпкерлері үшін «Зияткерлік меншік бойынша негізгі сұрақтар» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шара барысында зияткерлік меншік құқықтарға жататын объектілер және зияткерлік меншік құқықтарды қорғау реті қарастырылды.

Іс-шараға қатысқандар берілген ақпаратты мәліметке алып, кәсіпкерлік жұмысты жузеге асыру кезінде қолданып жүрген заңдылықты бұзбауды шешті.

 

Успен аудандық әділет басқармасының

басшысы А.И.Ережепов, «ҚЗО»

 РҚБ Павлодарлық филиалының мүшесі      

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp