шкі конкурсты жариялау

14.10.2016

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік

қызметшілері арасында ішкі конкурсты жариялау

 

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын ортақ біліктілік талаптар:

Е-1, ER-1, EG-3: санаты үшін: жоғары білімі, “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптар” Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

Е-1

150740,28

203208,2

E-3

102436,00

138249,00

ER-1

142412,36

192381,61

* Ескерту: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

“Успен ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі, 141000, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, Ленин көшесі, 71, 16-кабинет, анықтама үшін телефон/факс: 8(71834) 9-21-45, электрондық пошта: delmuhambetova.aliya@pavlodar.gov.kz, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. 1.      Успен ауданы әкімінің орынбасары санат Е-1*(№ 01-0-3)

Функционалдық міндеттері: Экономика  және  бюджетті  жоспарлау бюджеттің  орындалуы және коммуналдық меншікті  басқару, тұрғын – үй   коммуналдық  шаруашылық жолаушылар   көлігі  және автомобиль  жолдары,  қала  құрылысы,  құрылыс,  сәулет, салаларындағы мәселелерді  үйлестіру бойынша  жүзеге асырады. ТЖ, АҚ, және  құқық тәртібі мәселелері. Ауданды дамытудың экономикалық басымдықтарын, аудандық бағдармаларын, экономикалық реформалардың негізгі бағыттарын әзірлеу және жүзеге асыру.   Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар; құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; жаратылыстану ғылымдары; техникалық ғылымдар  және технология, ауылшаруашылығы  ғылымдарының; қызметтер, ветеринария саласында).  

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.*

2. Успен ауданы әкімі  аппаратының  ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, санат Е-3* (01-1- 5):

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына басшылық жасау. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету жұмысын атқару. ҚР Президентінің жарлықтары мен тапсырмаларын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, облыс және ауданның әкімінің қаулыларын, облыс және аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін тапсырмаларын  толық  және уақытында орындалуын мониторинг ұйымдастыру. Аудан әкімдігі мәжілісінің және  кеңейтілген  мәжілістің күн  тәртібіне  қажетті  ақпараттық материалдарды дайындауды  ұйымдастыру және сұрақтар тізімін қалыптастыру. Аудан, ауыл  және ауылдық (селолық) округ әкімдерінің есеп беру  кездесуінде айтылған ескертулер мен ұсыныстар мониторингін ұйымдастыру. Барлық деңгейдегі сайлауларды өткізу және дайындаумен байланысты ұйымдастыру  шараларын ұйымдастыруды  қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар; құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; жаратылыстану ғылымдары; техникалық ғылымдар  және технология, ауылшаруашылығы  ғылымдарының; қызметтер, ветеринария саласында).

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*

      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

3. «Успен ауданының тұрғын –үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі» ММ басшысы E-R-1 санаты (10-01-1).          

Функционалдық міндеттері: Бөлімге  жалпы басшылық жасайды, бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады, олардың өкілеттілігін белгілейді, бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлейді және  оның орындалуын қамтамасыз етеді. Аудандық бағдарламаларды әзірлейді және жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін  бөлім мәселелері бойынша заңнамалық актілердің, облыс және аудан әкімдіктері қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері  мен өкімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Азаматтардың өтініштерін, шағымдарын қарайды.   

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім (білім саласында; гуманитарлық ғылымдар; құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; жаратылыстану ғылымдары; техникалық ғылымдар және технология, ауылшаруашылығы  ғылымдарының; қызметтер, ветеринария саласында; денсаулық сақтау және әлеуметтік  қамсыздандыру саласында).

  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

      6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидасының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)   Тиісті персоналды басқару қызметімен куәландырылған қызметтік тізім.

Құжаттар конкурсты өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы, не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде “Успен ауданы әкімінің аппараты” ММ-нің персоналды басқару қызметіне тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң 3 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Успен ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында, Успен ауылы Ленин көшесі, 71 мекенжайында өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды және сарапшыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp