Камералдық бақылау әрекетте

07.10.2016

2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30- бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 30 қарашадағы №598 бұйрығымен бекітілген камералды ақылауды жүргізу ережесінің Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алудың (http:www.goszakup.gov.kz) веб-порталы арқылы камералды бақылауы жүзеге асырылады.

Камералды бақылаудың талдау нәтижесі ұйымдастырушылармен мемлекеттік сатып алу туралы заңдылықтардың көптеген бұзушылықтарының жіберілетінін көрсетті. Мысалға, заңсыз ауытқулар немесе әлеуметтік жеткізушінің өтінішіне рұқсаты, шартты жеңілдіктерді пайдаланбай немесе заңсыз пайдалану, бағалы ұсыныстар сұранысы арқылы тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу яғни олар бойынша рұқсат алу немесе хабарлама жіберу, тікелей жасалған және басқа да жолмен бір дереккөз арқылы заңсыз келісімнің жасалуы.

Мемлекеттік сатып алулар туралы заңдылық талаптарын бұзған жағдайда, камералды бақылау қорытындысы бойынша ұйымдастырушы мен тапсырыс берушіге бұзушылықтарды жою туралы ескерту жіберіледі.

Камералды бақылау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ескерту белгіленген мерзімде орындалмаса, бюджетті орындау бойынша орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің коды және шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтатады, сонымен қатар 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары бойынша (банк корреспондентінен басқа), сонымен бірге Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтары туралы» Кодексінің 462 –бабы 3-бөліміне сәйкес лауазымдық тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартады.

Мемлекеттік сатып алудың әкімшілері мен ұйымдастырушылары бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулары туралы қолданыстағы заңдылықты үнемі зерделеуге және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуге жауапты тұлғалардың техникалық оқуын өткізуді ұсынады. 

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp