Прокуратура ескертеді: жермен байланысты алаяқтық бар

18.08.2016

Жерді сатып алмай тұрып келесідей жағдайға назар аударыңыз:

Сатушының қолында оның меншік иесі екендігін растайтын 3 құжат болуы керек:

 - Жерге меншік құқығын мемлекеттік тіркеу куәлігі;

- Меншік құқығын тіркеуге негіз болған құжаттың түпнұсқасы (мысалы, сатып алу – сату шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік және т.с.с.);

 - Кадастрлық жоспардың түпнұсқасы, онда жер учаскесінің кадастрлық номері, алаңы және нақты мекенжайы көрсетілуі тиіс.

Аталған құжаттардың барлығында да меншік иесі туралы мәлімет бірдей болуы керек.

Меншік иесі жеке тұлға болса, онда Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттың болуын, ал заңды тұлғада оны тіркеу, салық органында есеп тұру куәлігін тексерген және Заңды тұлғалардың бірыңғай тізілімінен анықтаманы алған жөн.

 Сатып алушыдан көбірек ақша алу мақсатында алаңы үлкенірек және іс жүзінде басқа жерде орналасқан жер көрсетілуі мүмкін.

Сондықтан, құжаттарды тексерген соң, жер алаңының кадастрлық жоспарға, координаттарына сәйкестігін мұқият тексеру керек.

Сұрақтарыңыз болған жағдайда Бас прокуратураның Call-орталығына 115 номері арқылы хабарласа аласыз.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp