Успен ауданының 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы

29.02.2016

Аудан аумағында 2015 жылдың 1 желтоқсанында  12194 адам тұратын 9 ауылдық округ, 3 ауыл орналасқан, бұл 2014 жылдың осы кезеңімен  салыстырғанда 149 адамға азайды, динамика  99,2% (2014 жылы–12343 адам) . Есеп беру мерзімінде 191 бала дүниеге келді, 133 адам қайтыс болды, табиғи өсім 58 адамды құрады. Көші қонның теріс сальдосы алынды- 208 чел. (келгендер 312 адам, кеткендер 520 адам.), республикалық көші қон үлес слмағы 70,2 %, халықаралық көші қон 29,8 %.    

22 селоның 2-уінің экономикалық жоғары, 19 орташа, Лозов ауылдық округінің Екатеринославка селосының даму әлеуеті төмен (осы елді мекенді мемлекеттік тізілімнен алып тастау бойынша жұмыс өткізілуде).

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру қызметі 7 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен іске асырылады (116,7%), 185  шаруа қожалықтары  (103,9%), 4234 жеке аула  (100%).

2015 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығы өнімдері жалпы табысының НКИ   122,1% құрды, ақшаға шаққанда 10,5 млрд. теңге (2014 ж.-  6,9 млрд. теңге, НКИ-90,6 %)

2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мал шаруашылығы саласында ірі қара мал – 21,6 мың (100,1%), қой 19,2 мың бас (101,3%),  ешкі 0,7 мың бас (100,1%), жылқы – 4,9 мың (102,1%),  шошқа – 3,2 мың (56%), құс 42,3 мың (100,1%), басты құрады.

 Ет өндірісі  5115,9 тоннаны құрады (100,3%). Сүт өндірісі –  22054,6  тонна (103,7 %,  сауын сиыр табынының  1 сиырынан орташа сүт алудың 1,9 % артуы есебінен), жұмыртқа – 6731,8 мың дана (100,2%).

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 22 объекті жұмыс істейді, (2014 жылы   -19 қайта өңдеу объектісі):  2 – шұжық тағамдарын өндіру

бойынша, 5–күнбағыс майын өндіру бойынша, 1- макарон тағамдарды дайындау бойынша, 2 диірмен, 9 наубайхана, 1 сүтті қайта өңдеу цехы, ет консервісін өндіру цехы, 1 күнбағыс шемішкесін орау және калибрлеу цехы.

2015 жылдың 12 айында  өнеркәсіп өнімдерінің НКИ  қайта өңдеу көлемі 106,9 % немесе 1922,0 млн. теңге.  2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша негізгі өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі: дайын және еттен консервіленген тағамдар  41 тонна (113,9%) шұжық өнімдері 36 тонна (100 %),  күнбағыс майы 252 тонна (121,7%), сары май 12 тонна (100%), сыр 132 тонна (103,9%), ұн 339 тонна (190,4%), нан-тоқаш өнімдері 1038 тонна (97,4%, Павлодар қаласынан жеткізілетін нан және тоқаш өнімдері көлемінің ұлғаюы) құрады.

Ауданда  20 дайындау пункттері жұмыс істейді (100,0%) соның ішінде 8- ет, 12- сүт дайындау бойынша. 

Ауданда 12 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істейді. 2016 жылдың 1 қаңтарында 1652 бас мал қолдан ұрықтандырылды (104,3%).     

Шағын кәсіпкерлік

Тіркелінген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1.01.2016 ж. 630 құрайды (2014 жылы 610 бірлік, 103,3%). Жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілер саны 583 (2014 жылы - 453 бірлік, 128,7%).

12 айда шағын және орта бизнестің тауарларын, жұмысын және қызметін сату көлемі 1465,0 млн.теңгені құрады (2014 жылы -1258 млн. теңге, 116,4%). Қаңтар – желтоқсан  айларында бюджетке салық түсімінің көлемі 81,5 млн. теңгені  (2014 жылы -75,8 млн.теңге, 107,5%) құрады.

Тіркелінген шағын және орта кәсіпорындар саны (заңды тұлғалар)  27 бірлік (2014 ж.- 23 бір. 117,4 %), жұмыс істейтіндері 17 (2014 ж.,12 бір.141,7%) , белсенділері 12 бір. (2014 ж – 10 бір., 120 %).

Бөлшек сауда айналымы

Ағымдағы жылдың 12 айында бөлшек сауда айналымының нақты көлем индексі   111,8 % құрады (облыстық көрсеткіш 97,9 %), ақшаға шаққанда 1364,6 млн. теңге.

Инвестициялар

2015 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі көрсеткіштері  барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен  инвестицияның төмендеу себебінен  17,4 % орындалмады, аталған көрсеткіштің негізгі критерийлері   меншік және заем қаражаттары  есебінен инвестрлеу  15,9 % өсіммен орындалды.  

Анықтама:  есеп бру мерзімінде ауданға 1 810,1 млн. теңге сомасында в инвестиция тартылды   (2014 жылы– 2149,5,0 млн. теңге, 82,6 %), соның ішінде  бюджеттік  инвестициялар 951,7  млн. теңге (2014 ж. -1409,1 млн. теңге, 67,5 %), меншік және заем қаражаттары  858,4 млн. теңге (2014 жылы -740,4 млн. теңге, 115,9 %).

2014 жылы бюджет қаражаты есебінен 1,0 млрд. теңге сомасына облыстық және аудандық маңыздағы жолдарға қайта жаңғырту және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар өткізілді  - Павловка – Галицкое жолдарына, «Найза» кедендік бекетінің кіре беріс жолына қайта жаңғырту және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар өткізілді. 2015 жылы аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеуге барлығы 453,0 млн. теңге көзделген болатын, бұл 2014 жылдан  50 % аз.   

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1060,7 млн. теңгеге орындалды    (2014 жыл -1 284,8 млн. теңге, НКИ 69,0%), пайдалануға берілген объектілер құрылысының нақты құны 1268,3 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың көрсеткішінен  12,4 мың есе артық (2014 ж. -10,2 млн. теңге).

2015 жылы тұрғын үй құрылысына 43,6 млн. теңге инвестрленді, пайдалануға 600 ш. м. тұрғын үй берілді (2014 жылы 1,7 млн. теңге инвестрленді, тұрғын үйді пайдалануға беру болған жоқ). 

Анықтама: құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуіне инвестиция бөлімінде көрсетілген жағдайлар әсер етті.   

Коммуналдық-өндірістік сала

Аудан бюджетінен ауыл ішіндегі жолдардың жұмыс істеуіне 25,0 млн. теңге бөлінді 24,8 млн. теңгесі игерілді.

Аудандық маңызы бар Рождественка-Павловка  жолына 26 шм. (ішін ара) және   Тимирязев ауылының кіре беріс жолына 25 шм. (ішінара) орташа жөндеу жұмыстары өткізілді.  Аталған шараларға облыстық бюджеттен 384,2 млн.теңге бөлінді  және  теңге игерілді.

Ауылдық округтердің орталықтары аудан және облыс орталықтарымен автобус қатынастарымен байланыс жасайды.

Барлық елді мекендер телефондандырылған. Телефон тығыздығы 100 тұрғынға шаққанда 41,5 ( 2014 -40,6) құрайды. 

22 АЕМ 8 АЕМ почта байланысы және 2 бөлімше  бар. Аудан орталығына почта аптасына 5 рет, қалған ауылдық округтерге - 3 рет жеткізіледі. Ауданның елді мекендеріне ай сайын зейнетақы және жәрдемақы жеткізу іске асырылады.

Успен, Галицкое, Ольгин, Тимирязев ауылдары орталықтандырылған сумен жабдықталған, қалған ауылдық елді мекендерде жеке құдықтар бар.

Су құбырлары желісінің жалпы ұзындығы – 50,9 шм. 2015 жылы сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеуіне 4,0 млн.теңге бөлінді, 100% игерілді. Успен, Ольгин селоларының су тарату колонкаларын және су трассаларын   жөндеу бойынша жұмыстар  өткізілді.

Әлеуметтік сала

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы   67 249 теңгені құрады. Номиналды жалақы индексі 10,4 % ұлғайды, нақты  4,2%.

Ашық еңбек рыногындағы жұмыссыздық деңгейі 1.01.2016 ж. 0,3% құрады, абсалюттік сандарда 27 адам (2014 ж. 0,3%, 27 адам). Жыл басынан бері 385  жаңа жұмыс орны құрылды (2014 жылы - 405). Жұмыссыздар санынан 344 адам жұмысқа орналастырылды (144 адам) немесе өтінім жасағандардың 63,3%. Есеп беру мерзіміне ауданда 6 аз қамтамасыз етілген отбасы (22 адам) есепте тұр, бұларға атаулы көмек көрсетіледі. Көмек алушылар саны 35,3%  немесе 34 адамға азайды, мемлекеттік атаулы көмек 449,9 мың теңгеге тағайындалды және төленді. Балалар жәрдемақысын алушылар саны 9 отбасына азайды (12 бала), 2015 жылы 22 отбасына (71 бала)   870,6   мың теңге   төленді.   

Білім беру

Ауданның білім беру жүйесінде  20 жалпы білім беру мектебі бар,  соның ішінде 17 орта, 2 негізгі және 1 бастауыш мектептер. Міндетті мемлекеттік орта біліммен 2015-2016 оқу жылы мектеп жасындағы 1502 бала қамтылған. Соның ішінде ауданда мемлекеттік тілде оқытатын 2 жалпы білім беру мектебі бар, оқушылар саны 176.

Ауданда №23 агротехникалық жұмыс істейді, 2015-2016 оқу жылы 121 оқушы келесі мамандықтар бойынша оқытылады: тамақтандыруды ұйымдастыру – 41 адам, фермерлік шаруашылық   -65 адам,   ғимараттар құрылысын салу пайдалануға беру – 15 адам. 

Ауданда 3 балабақша жұмыс істейді: Успен ауылында «Балапан» бала-бақшасы 172 тәрбиеленуші; Галицкое ауылында «Ақбота» балабақшасы 50 баланы қамтиды; Константинов ауылында «Айгөлек» балабақшасы 31 бала. «Тілдер туралы» Заңды орындау үшін «Балапан»  бала бақшасында үш топ мемлекеттік тілде оқытылады және тәрбиеленеді, қалған  бала бақшалар топтарында мемлекеттік тіл оқытылады.

Бір жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 86,0% , 3 жастан  6 жасқа дейін 100%.

Ауданның педагогикалық ұжымы 411 мұғалімнен тұрады (101%), соның ішінде жоғары білімді - 324, орта арнаулы – 87.

Барлық мектептерде қазіргі заман талабына сай компьютерлік кабинеттер бар, Интернет желісіне шығу жүйесі 100%. Компьютерлермен жабдықтаумен қамтамасыз ету 2,5 оқушыға 1 компьютерді құрайды ( 2014 жылы 4,1 адам./комп.).

2015 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша орташа бал 67,37 (2014 жылы 72,71 бал). 2015 жылы  ҰБТ қорытындысы бойынша 100 және одан да жоғары бал алған түлектер саны 2 (2014 жылы 1 адам). 2014-2015 жылдары «Алтын белгі» иегерлері жоқ.  

2015 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеру, психологиялық және педагогикалық консультативті көмек көрсету функцияларының жергілікті атқарушы органдарға берілуіне байланысты аудан бюджетінде нысаналы трансферттер мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық және педагогикалық оңалдыру болып табылатын   «Психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті»  КММ жұмыс істейді. Барлығы 35 мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетіледі. Кабинетте бес маман жұмыс істейді: педагог - психолог, әлеуметтік  педагог, әлеуметтік педагог, дефектолог, ЕДШ нұсқаушысы, логопед-мұғалім.

Мектептердің материалдық-техникалық жағдайын қолдау үшін мектептердің ғимаратын күрделі жөндеу өткізілді, аудан    бюджетінен 16,8 млн. теңге бөлінді, 14,3 млн. теңге игерілді. Ауданның 2 мектебіне күрделі жөндеу өткізуге ЖСҚ әзірленді және күрделі жөндеу өткізуге мемлекеттік сараптама алынды (№1Успен ОМ, Павлов ОМ), 3 мектепте Таволжан ЖББМ,   Қозыкеткен ЖББМ, Надаров БМ қазандықтарына күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді   Жұмыспен қамту жол картасы 2020  бағдарламасы шеңберінде 14,3 млн. теңге көзделген, 100% игерілді,  №3 УЖББМ қазандығына күрделі жөндеу және Лозов ЖББМ қазандығы жабдықтарын жөндеу өткізілді.  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Равнополь НББМ қазандығы жабдықтарына күрделі жөндеу жұмысы өткізілді 2,6 млн. теңге бөлінді және игерілді. 

Сонымен қатар білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 16,4 млн. теңге бөлінді, 100% игерілді, принтер, музыкалық орталық, ноутбук, телевизор, оқушылар жиһазы, компьютер сыныптары, мәжіліс залына жиһаз,  биология физика, кабинеттері  сатып алынды. 

Денсаулық сақтау

Ауданда 30 орындық Успен аудандық ауруханасы қызмет жасайды, 2 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 13 медициналық пункттер, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станция және 4 жеке меншік дәріхана бар.

Төсек қоры  2015 жылы 30 төсекті құрады, төсек орынмен қамтамасыз етілу 10 мың тұрғынға шаққанда– 24,6.

Ауданда кадрлық медициналық құрамда 22 дәрігер және 70 орта буын медициналық қызметкер бар. Дәрігерлермен қамтамасыз ету аудан бойынша 10,0 мың тұрғынға шаққанда 17,8%, орта медперсонал 56,7%.

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында туберкулез ауруына шалдығу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 40,5 промиллені құрады, бұл 2014 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда  15,7 промиллеге төмен (2014 жылы 56,2 промилле). Есеп беру мерзімінде тіркелген жағдай 5 адамды құрады азайды, 5 жағдай тіркелді, 2014 жылы 7 адам.

2015 жылдың қаңтар – желоқсан айларында қатерлі ісікке шалдығу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда  275,5 құрады (2014 жылы – 313,4). Есеп беру мерзімінде тіркелген жағдай саны 34 адамды құрады, 2014 жылдан 5 жағдайға төмен. 

2015 жылдың қаңтар – желтоқсан  айларында ауданда ана өлімі тіркелген жоқ. Есеп беру мерзімінде 1 сәби өлімі тіркелді (2014 жылы 3 жағдай). Тірі туған 1000 балаға шаққанда сәби өлімінің көрсеткіші 5,24 (2014 жылы 15,46).    

Мәдениет және спорт

Ауданда мәдениет мекемелерінің желісі 39 бірлікті құрайды, соның ішінде  18 ауылдық кітапхана, 20 ауылдық клуб мекемелері, 1 мұражай. Ауданда 1245 мәдени - бұқаралық шаралар өткізілді (2014 жылы 1234). Тұрғындардан 155600 адам мәдени көпшілік шараларға тартылды (2014 жылы 155300 адам).

Ауданда БЖСМ жұмыс істейді, 138 спорт жабдықтары бар, оның ішінде 30 спорт залы, 1 спорт кешені, 1 стадион, 1 жүзу бассейні, 2 хоккей корты, 6 жапсарлас салынған спорт залы және 10 спорт тирі. Ауданда, спортпен айналысатындар 3495 адам (2014 жылы 3540), дене тәрибесі мен спортқа тұұрғындарды тарту 28,7 % құрады.

2015 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында ауданда  жалпы сомасы 1684 мың теңге сомасына 41 спорттық көпшілік шаралар өткізілді.   Спорт шараларына тартылған барлық тұрғындар саны 3424 адам.   

Құқықтық тәртіп

Есеп беру мерзімінде өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тіркелген қылмыс санының 173-тен 226 –ға  артқаны байқалады, 30,6%.  

Қылмыс санының айтарлықтай артқаны байқалғанымен жалпы алғанда Успен ауданының аумағында оперативтік жағдай тұрақты және бақылауда. 

Кісі өлтіру, бопсалау және қару жарақ ұрлау сияқты ауыр қылмыс түрлеріне жол берілмеді. 

Есеп беру мерзімінде жол көлік оқиғаларының 75% (9-дан  5-ке дейін)  төмендегені байқалады, қаза тапқандар саны 2-ден 1-ге, және зардап шеккендер саны 11 адамнан 5 адамға төмендеді.     

Аудан бюджеті

2015 жылы   аудан бюджетінің көлемі   2 320,5 млн.теңгені құрады, соның ішінде бюджеттің жалпы көлеміндегі трансферттердің үлес салмағы  - 88,7% немесе 2 058,2 млн. теңге, оның 1 457,6 млн. теңгесі субвенция.

Жыл басынан бері аудан бюджетіне жоспар 262,3 млн. теңге болғанда 275,9 млн. теңге өз кірісі түсті, бұл 105,2% құрайды.

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспар 2333млн. теңге болғанда 99,7% орындалды, іс жүзінде орындалу 2325,5 млн. теңгені құрады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp