Успен ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру бойынша ақпарат

28.06.2016

 «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» Бағдарлама қатысушыларының құрамына 122 адам еңгізілді ( соның ішінде 47 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, 30 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды, 3 адам шағын кредит алуға).

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» Бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде «Инфрақұрылым және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық дамуы есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» Успен ауданында 2016 жылға 5 инфрақұрылымдық білім объектілерін іске асыру жоспарланған, онда 67 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, Бағдарлама қатысушылары үшін 33 жұмыс орны:

- «№2 Успен орта мектебі» ММ қазандығын ауыстыру, Жеңімпаз анықталды ««Песчанный ремонтно- механический завод» ЖШС. Жөндеу жұмыстары 19.05.2016 жылы басталды. 2 адам көмекші жұмысшылар ретінде жұмысқа орналастырылды. Жұмыс 07.06.2016 жылы аяқталды;

- «Павлов орта мектебі» ММ төбе жабындысына және терезелерінің блоктарына күрделі жөндеу, Жеңімпаз анықталды «Алмас плюс» ЖШС. Жөндеу жұмыстары 01.06.2016 жылы басталды. Уақытша жұмыс орындарына 7 адам көмекші жұмысшылар ретінде жұмысқа орналастырылды;

- «Дмитриев негізгі мектебі» ММ жылу жүйесіне күрделі жөндеу, Жеңімпаз анықталды «Арыся» ЖШС. Жөндеу жұмыстары 02.06.2016 жылы басталды. Уақытша жұмыс орындарына 2 адам жіберілді;

- «Қаратай орта мектебі» ММ төбесіне күрделі жөндеу. Конкурс бір қатысушымен өтті. «Еңбек» РМК ШЖҚ. Жөндеу жұмыстары  03.06.2016 жылы басталды. 9 адам жіберілді;

- Успен ауданының «Тимирязев орта мектебі» ММ жабындысына күрделі жөндеу. Мердігер анықталды - «Еңбек» РМК ШЖҚ. Жөндеу жұмыстары 01.07.2016 жылы басталады. Уақытша 5 жұмыс орындарына құру жоспарланған.

- «Таволжан ауылында медициналық пункт құрылыс», жеңімпаз анықталды "Керемет ПВ", жөндеу жұмыстары 20.06.2016 жылы басталды, Жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 адам.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» Бағдарламасының «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру» екінші бағыты шеңберінде 2016 жылы 36 Бағдарлама қатысушысына 82,2  млн. теңге сомасына (бірінші транш – 17 адам 39,1 млн. теңге, екінші транш – 19 адам, 43,1 млн.теңге) шағын кредит беру жоспарланған.

Бірінші траншқа жұмыспен қамту орталығы  жұмысты ретке келтіріп, 46,1 млн. теңгеге 17 адамның мақсаттылығы туралы оң қорытынды алынды, соның ішінде:

- 1 адам 2,0 млн. теңге сомасында шошқа өсіруге алды;

- 3 адам 6,9 млн. теңге сомасына, кепілзат шарттары ХҚКО тіркеуінде;

- 2 адам 5,0 млн. теңге сомасына кредиттік комитетте қарастырылуда;

- 6 адам 12,2 млн. теңге сомасына заңды ескертулерін жоюда;

- 2 адам 5,0 млн. теңге сомасына кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды күтуде, оқыту шілде айына жоспарланған;

- 3 адам  10,0 млн. теңге сомасына істері  ФФПСХ жіберілді.

Бағдарламаның « Жұмысқа орналастыруға оқыту және әрекеттесу» үшінші бағытының бірінші компоненті шеңберінде 2016 жылға келесі оқытулар жоспарланған:

-  Жұмыс берушінің мұқтаждығы бойынша ауыл және ауылдық округ әкімдері мәліметі негізінде «Ауыл шаруашылық өндірісінің тракторист- машинист» мамандығы бойынша  қайта даярлауға -10 адам, қаржыландыру сомасы 2259,0 млн.теңге (2016 жылдың маусым-тамыз айлары)10 адам жіберілді.

-  Ауданда еңбек нарығында қажетті «Сатушы» мамандығы бойынша 18 жастан 24 жасқа дейін бойынша  қайта даярлауға -10 адам. қаржыландыру сомасы 1934,0 млн.теңге (2016 жылы шілде, тамыз айлары)

35 Бағдарлама қатысушыларын жұмыспен қамту, соның ішінде  жастар прктикасын өткеннен кейін және ӘЖО 7 адам, жаңа жұмыс орындарына 15 адам, бос жұмыс орындарына 13 адам.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау» Үшінші бағыт шеңберінде 2016 жылға:

1)  Жалпы 9229,0 мың теңге сомасына  жалақының жартысын субсидиялаумен әлеуметтік жұмыс орындарына 36 адам жоспарланған. Бөлінген қаражат 100 %, игерілді, 47 адам жіберілді;

2) Жалпы 3906,0 мың теңге сомасына  жалақының жартысын субсидиялаумен ағымды жылдың шілде-желтоқсан айларына жастар практикасына 17 адам жоспарланып отыр, 14 әлеуеттік бағдарлама қатысушыларынан өтініш келіп түсті.

«Еңбек ресурстарының ұтқырлығын көтеру» Үшінші бағыттың екінші компоненті шеңберінде «Павлодар облысы Успен ауданының жұмыспен қамту орталығы» КММ балансында тұрған 16 пәтердің барлығына  қоныстандырылды немесе 100%.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp