Жеңіс Күніне арналған митинг

09.05.2016

Аудандық орталықтың тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен дәстүрлі митинг Даңқ ескерткіші жанында 9 мамыр күні өтті. Митингке қатысушылармен бірге қаза тапқан жерлес-жауынгерлерге арналған ескерткіші алдында, «өлмес полк» құрамында фотосуреттерден біздің жерімізге ұлы Жеңіс сыйлағандар, саны жыл сайын артып жатқандар қарады. Мұнда Ұлы Отан соғысының қатысушылары – Я.М. Лозовик пен М.И. Шаболда, тыл еңбеккерлері, қаза тапқан және қайтыс болған соғыс ардагерлерінің туған-туысқандары.

Аудан әкімі Б. Демеуовтің құттықтау сөзінде біздің жерлес-жауынгерлеріміз бен тыл еңбеккерлерініңжауынгерлік және еңбектегі ерліктері туралы айтылды, бүгінгі күні өмір сүріп жүрген ардагерлерді жылы қарсы алды.

Митингте қатысушыларды ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Б.Г. Майер, қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы А.П. Кузьменко құттықтады.

Жиналған аудан тұрғындары мен қонақтары, еңбек ұжымдарының, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне және Кеңес Одағының Батырлары К.А. Семенченко мен М.И. Милевскийдің мүсіндеріне гүл қойды.

Іс-шара көркем өнерпаздық ұжымдарының мерекелік концертімен аяқталды. Кеңінен барлық ауылдар мен ауылдық округтерде митингтер, мерекелік іс-шаралар өткізілді.

  

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp