Кеңес Одағының Батыры М.И.Милевскийдің жүлдесіне арналған спартакиада

05.05.2016

5 мамыр күні Успен а. алаңында Кеңес Одағының Батыры М.И.Милевскийді еске алуға арналған əскерге дейінгі жəне əскери қызмет жасындағы жастардың жекелей жəне топтық есебінде дəстүрлі аудандық спартакиада өткізілді. Мұндай сайыстарды өткізу жастардың əскерге моральдік жəне физикалық тұрғыда дайындалуына мүмкіндік береді. Төрешілер алқасы барлық бағдарламаларды (ату, биік маңдайшада тартылу, граната лақтыру, 3000 метрге жүгіру) өткізген соң ең көп ұпайлар бойынша командалық орындарды анықтады.

Үшінші орынды Константинов ЖОМ командасы иемденді – бапкері Садовенко А.М., екінші орында №1 УЖОМ командасы, БƏД жаттықтырушы Лебедев С.В, ал ауыспалы кубоктың иегері болып тағы да №2 УЖОМ командасы атанды – БƏД мұғалімі Бондаренко С.Н. Жекелей есепте 15-16 жас аралығындағы əскерге дейінгі жастар арасында жақсы нəтижелер көрсеткендер: 3 орын алған Пасюк Д №1 УЖОМ, Бельгебаев А- 2-орын, Мирошниченко М – 1-орын, екеуі де №2 УЖОМ оқушылары. Ал 17-18 жас аралығындағы əскери жастағы жастар арасында 3-орынды Арынгазинов А-Тобылжан ЖОМ, 2-орынды Галимов О – Константинов ЖОМ адса, Гелевера А –УЖОМ №2 жеңімпаз атанды. Сонымен қатар сайыстың нəтижесі бойынша ағымдағы жылдың 26-28 мамырында Павлодар қаласында өтетін облыстық спартакиадаға қатысатын Успен ауданының құрамасы анықталды. Спартакиаданың салтанатты жабылуында спорт бойынша бас маман В.А.Пилягин жекелей және командалық есепте жеңімпаз деп танылған жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтарды табыстады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp