Үздік жыл оқушысы-2016

26.04.2016

Балалардың танымдық белсеңділігін және шығармашылық қабілетін, заманауи мектептің үлгілі оқушы бейінін қалыптастыру мақсатында, Успен ауданы білім беру бөлімі 26 сәуірде «Балдырған» балалар-эстетикалық орталығы базасында дәстүрлі ІV аудандық «Үздік жыл оқушысы-2016» байқауы өткізді. Іріктеу кезеңнен соң, үздік оқушы атағына ауданның жалпы білім беретін мектептерінен 13 оқушы ат салысты, 2-4 сынып аралығында -5 оқушы, 5-10 сынып аралығында - 8.

Байқау ІІІ кезеңен тұрды. Бірінші «Таныстыру» бөлімінде әр қатысушы өзінің портфолиосын ұсынып, оқушы жанжақтылығы мен дарындылығын танытып, оқу, спорт және шығармашылық жетістіктерін көрсете білді. «Блиц-турнир» бөлімі ашық түрде, экранға шығарылған сұрақтар арқылы ұйымдастырылды, қатысушылар білімді екенін дәлелдей білді. Қорытынды «Мен, дарындымын» бөлімінде қатысушылар өз дарындылығын әртүрлі жанрлар арқылы жеткізе алды, көрермендерге жоғары деңгейдегі дайындығын танытты.

Конкурс нәтижесінде, 2-4 сынып аралығында бірінші орын- Вознесен ЖОББМ 3 сынып оқушысы Пономаренко Виталинаға, екінші №3 Успен ЖОББМ 4 сынып оқушысы Скакова Айжанға, үшінші Белоусов ЖОББМ 3 сынып оқушысы Мухамедьярова Заремаға; 5-10 сынып аралығында бірінші орындар -Ольгин ЖОББМ 7 сынып оқушысы Егінбай Асылханға, №3 Успен ЖОББМ 9 сынып оқушысы Смагулова Лаураға, екінші- Қозыкеткен ЖОББМ 5 сынып оқушысы Козырь Алевтина және Белоусов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Листратенко Кириллға, үшінші Павлов ЖОББМ 5 сынып оқушысы Сейтказинова Адинаға берілді.

Барлық қатысушылар естелік сыйлықтар мен грамоталармен марапатталды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp