Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету тәртібі

28.04.2016

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу үшін жария ету субъектілері комиссияға мынадай құжаттарды:
1) Заңда белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді өткізуге өтінішті(бұдан әрі– өтініш);

2) өтініш берген кезде түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын сарапшының қорытындысын;
4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады.
Құжаттарды қабылдау аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Жария ету субъектілерінің құжаттары жылжымайтын мүліктің тұрған жері бойынша комиссияға ұсынады.

Аудан, қаладағы аудан, аудандық, облыстық және республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының кеңсесі құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуге өтініш берген жария ету субъектісінің өтінішін тіркейді.

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттар мынадай:

1) Заңда белгiленген құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаған;
2) ұсынылған құжаттарда өшiрулер мен түзетулер болған;
3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының осындай құжаттарға қойылатын талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда, себептері көрсетіле отырып қайтарылуға жатады

Жылжымайтын мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтару үшін негiз болған себептердi жойған кезде жария етуші субъект Заңда белгiленген құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi жария ету мерзiмі iшiнде қайтадан өтiнiш беруге құқылы.

Жария ету мерзімі ішінде берілген құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету туралы өтініш комиссияға берілген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады.

Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету жөніндегі комиссия құжаттарды қабылдау Ленин көшесі 71 мекенжай бойынша орналасқан «Успен ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің №11 кабинетінде жүргізіледі, тел 91031; 91248

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp