Успен ауданының тарихынан үзінді

Успен ауданы Павлодар облысының солтүстік-шығысында жайғасқан. Солтүстік пен солтүстік-шығысында Қашырмен, батыс пен оң түстік батыста Павлодар ауданымен, солтүстік-шығысында Ресей Федерациясы Новосибирск ауданымен және Алтай өлкесімен шектеседі. Аудан бедері түзу, ауа райы күрт континенталды, топырағы каштанды. өсімдік әлемінде ақ селеу, бетегелі, қурай, шалғы, қамыстар бар, ал жануар әлемінде қасқыр, түлкі, қоян, қорқыс, сусыл және құстардан мекиен бөдене, үйрек, қаз және де басқа құстар бар.

Аудан тарихының бастамасы 1935 жылдың 31 қыркүйегінен басталады, СООҚ қаулысымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының Цюрюпин ауданаын ықшамдап Лозов ауданын құрды. Аудан құрамына 14 ауыл кеңесі кірді: Белоцерков, Богатырь, Дмитриев, Жайнақ, Лозов, Надаров Новопокров, Павлов, Равнополь, Рождествен, Таволжан, Успен, Үшкөл. Жоспар бойынша аудан орталығы Лозов селосы болды, ауданның алғаш атауы осыдан тараған. Бірақ соңында жаңа ауданның орталығы Успен селосы болды. 1963 жылдың 2 қаңтарынан аудан Успен болып аталады.

1938 жылдың 15 қаңтарында Павлодар облысының құрылғанына дейін Лозов ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамында болды. Лозов ауданының халық саны, 1937 жылдың халық санағы бойынша, 16091 адам болды, соның ішінде еркектер-7806, әйелдер- 8285. 1940 жылдың 1 қаңтарына ауданда 18617 адам болды.

1935 жылдың 1 ақпанында Лозов аудорынкомитетінің бірінші пленумінің бірінші шақырылымында Лозов аудорынкомитетінің төрағасы боп Калинин И.Ф. бекітілген. Сонымен бірге пленум аудорынкомитетінің бөлім меңгерушілерін және инспекторларды бекітті: меңгерушісі – Тертышная Е.Н., ішкі сауда инспекторы – Стерман Г.И., коммуналдық шаруашылығы инспекторы – Лях Т.М., әскери инспекторы – Мамот Г.И., аудандық қаржы бөлім меңгерушісі – Федорова Н.И., аудандық байланыс бөлім меңгерушісі – Ачкулакова, аудорынкомитетінің хатшысы – Питерс Н.И. Аудан білім беру бөлімі меңгерушісін кейінірек тағайындады, 1935 жылдың 7 маусымынан Зубков болды.

Жаңа құрылған ауданның басқармасына қысқа мерзімде аудан орталықтың құрылысын қамтамасыз ету керек еді, өйткені ұйымдарды орналастыру керек еді.  Бірақ басты мәселе жарамды ғимараттардың болмауы. Осы мәселені шешу үшін Успендегі бар ғимараттарды жөндеуге тырысты.

Солай, Рождественнен үлкен «кулацкий» үйді әкелуге шешті, сол үйге уақытша колхоз жасөспірім мектебін орналастырды. Ғимаратқа жөндеу қажет болды: саманнан жасалған іргелер құлап, төбесі тотталып, төбесі біраз шіріді. Сұрыпталған құрылыс материалдан аудорындкомитетінің құрылысына пайдалануға шешті. Одан әрі Рождествен селосынан Успенге шіркеу ғимаратын әкелуге бел буды, Преображен селосынан – мектеп ғимаратын, Крупское селосынан Гусев атындағы колхоз кеңсесін. Сұрыпталған үйлер мер құрылыс материалдарын жеткізуге аудандағы колхоздардың күшімен жүзеге асырылды.

Аудан орталығының құраласын шұғыл және басты деп санады, сондықтан жұмысын орындамаған айыпкерді әкімшілік жауапкершілікке  тартқан. Бірақ құрылыс ауыр жылжыды. Құрылыс сұрағы 1935 жылдың 1 ақпанында Лозов аудорынкомитетінің бірінші пленумінде қаралды. Пленум аудандағы ауыл кеңестерін жеке үйлерге бекітуін қаулы етті. Сонымен бірге, колхозшылар арасында жұмыс атқаруын ұсынды, ұйымдарға жиһаз сату бойынша. Бірте-бірте аудандық орталық құрылысы қалыптасты, 1935 жылдың 22 қазанында Лозов аудорынкомитетінің президиумы АОҚ ғимаратының табысты және қанағат салынғанын белгіледі, кубы 2481,48 м. 12 мың 133 рубль экономикасымен. Бірақ мәселелер қала берді. Соның ішінде аудорталықтың жоспары мен жыл сайын дамудың келешек жоспары құрастырылған жоқ.

Абаттандыру үшін күрес, аудорталықта ғана емес қоныс тепкен пунктерде де жүргізілді. 1935 жылы Лозов аудорындком президиумы колхозниктердің материалдық жағдайлары көтерілгесін, ауыл кеңестері және аудандағы колхоз басқармаларына елді мекендерді өркендетуді талап етті: ауыл кеңестері олардың аумақтарында орналасқан қираған ғимараттар есепке алыну керек. Осындай шаралар жасау қажет, өйткені халық осы ғимараттарды  сындырып отынға жібереді. Ұйымдар, колхоздар және жеке шаруашылықтар ағаш салымдарын күту керек еді, бар көшеттерді шабуға тиым салынған. Одан әрі, 1935 жылдың көктемінде үйлердің, ұйымдардың, жеке шаруа басшылары өздерінің үйінің және ғимараттың жанында 4-8 ағаштан отырғызу керек еді және одан әрі күтіп бағу керек еді.

Жаңа ауданда жол құрылысымен ауыр болды. 1940 жылдың 23 маусымында жасалған Лозов ауданының төлқұжатынан көрініп тұр, ауданда «темір, тас, тегістелген жолдар жоқ». Бар ауыл арасы жолы қиын қалыпта болды. Жолсыздықпен күресу айлығында Шығыс Қазақстанның облорынкомитетімен 1935 жылдың 5 маусымында ауданда «жол түзету» жұмыстары өткізілді: жаңбыр мен көктем суларымен басқан ойларға топырақ салынды. Жол құрылысы бойынша айлықтар реттеліп бір уақытта өткізілді, бірақ қалпы бояу өзгерді. Аудандағы жол құрылысы жол құрылыс маманының болмауынан қиындады.

Лозов ауданының алғаш жылдары аз болсын мәдениетті өмір жағдайын құру үшін қызу жұмыс жүріп жатты. 1936 жылдың 13 ақпанында Лозов аудкомитетінің Қаулы бюросында белгіленгендей, ауданда телефондық және телеграфтық болған жоқ, облыстық орталықтан, Семипалатинск қаласынан, басқа да Шығыс Қазақстан облысының аудандарымен қатынас жоқтығы қала берді. Аудандық аурухана, онжылдық мектеп, тұрғын үйлер және ұйымдарға ғимараттар жетпеді.

СКП (б) аудан комитетінің анықтамасы, Лозов аулорынкомитетінің Төралқасының шешімін қабылдап, Шығыс Қазақстан облорынкомитетінен өтінді  1936 жылы аудан бюджетіне 25 мың рубль қаржы қосып аудан электростанциясын, 49 мың- колхозшы Үйін салуға, 15 мың – кірпіш зауытын салуға. Аудкомитетінің Шығыс Қазақстан обком СКП (б) облорынкомитетінің әсерін тигізгендей өтінді, 1936 жылы аудан бюджетіне 25 төсекке аурухана құрылысы, онжылдық мектеп және 4 төрт бөлмелі үй салынғандай.

Облыстық байланыс бөліміне әсер тигізгендей сұрады, өйткені олар телефондық-телеграфтық станциясының құрылысы мен құрылу сұрағымен айналыспайды. Телефон байланысын құрғанша , аудандағы байланыс көлік-арба арқылы тасымалданатын. Одан әрі, аудандық ұйымдардың жұмысшылары қызмет сапарында велосипедті қолданған.

1935 жылы мамыр айында аудорынкомитетінің Төралқасы 13 жаңадан әкелінген велосипедтерді бөлді, аудан мамандарына келесі жолмен арналды: ауджер бөліміне 5 велосипед бөлінді, аудан денсаулық бөліміне – 3, аудан білім бөліміне – 2, 2 велосипед аудком СКП (б) нұсқаушыларына берілді жіне 1 велосипед аудорынкомитетінің нұсқаушыларына.

Ауданның басты шаруашылық бағыты ауыл шаруашылық өнімі болды, артықшылығы – дәнді дақыл мен мал шаруашылығы.

1941 жылдың 22 маусымында ауданға соғыс басып кірді. Барлық сарбаздармен бірге успендіктер де өз Отан шекарасын қорғады. Соғысқа 3000 астам бала кетті. Олар Мәскеу астында батырлықпен күресті, ерлікпен Ленинградты қорғады, Одессаның қорғанысында қатысты, Ржевтің соғысында, Курская дуганың шайқасында, Сталинград көшелерінде соғысты, Украинаны босатты, Белоруссияны, Прибалтика Республикасын, Еуропа мемлекеттеріне батыл әрекетінде қатысты, милитаристік Япония соғысында...

Семенченко Кузьма Александрович, кадрлық әскери соғыс алдында 19-танк дивизиясын алды, Ровно қаласында орналасқан. 1941 жылдың 24 маусымында 2 күннен кейін 200 километрлік ырғу маршын жасап Владимир-Волынск отынын өзіне алды. Жау соғысқа көп күшін жұмсады: 200 танк және жүретін қаруға жуық, көптеген жаяу әскерлер. Соғыс алаңында 50 танк және өлген жараланған немістердің көбін қалтырып, немістер соғыс алаңын қалтырып кету керек еді.

Сол соғыс үшін генерел-майор Семенченко К.А. Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Генерал Семенченко Владимирдің ұлы, жазғы училищені аяқтап, 1942 жылдың 22 маусымында неміс ұшақтардың әуе соғысына қатысты, олар Житомир қаласының матайтындағы дала аэродром дивизиясына шабуыл жасады.

Мәскеу шайқасында әкесі мен баласы тағы да бірге соғысты. Генерал дұшпандарды жерде қиратса, баласы-аспанда. 1942 жылдың 15 желтоқсанында 16 жастағы штурман Семенченконың ұшақтар үзбесі Сычевка теміржол байланысына шабуыл жасады. Табысты шабуылдан кейін оның ұшағы дұшпанның оғымен атылып түсірілді. Ол қайсарлықпен мерт болды.

Белоусовка селосында туып-өскен Айбасов Базарбай Тумбаевич мәскеу маңындағы шайқаста қатысқан. Өзінің  Ұлы Кеңес соғысының ардагері сауалнамасында, жай және қысқаша өзінің өткір жолын осылай сипаттады: «Мәскеу маңындағы соғыс. Берлин, Бранденбургтің алынуы. Кенигсбергтің алынуы. Варшава, Минск, Смоленсктің босатылуы.

Павлов селосында туып-өскен Гончаров Семен Федорович, 1941 жылы өз ниетімен майданға аттанып Ленинград майданында 1976 атқыштар полкіне қосылды.

Карпат тау алдында темір жол объектісін күзетудің ІІХҚ гарнизон политқолбасшының көмекшісі, мұғалім, Успен селосында туып-өскен Яременко Яков Дмитриевич соғысты карсалды.

Содан соң Батыс шекарадан бастап бүкіл Украинадан қорғаныс соғыстар болды: Дрогобыч, Львов, Тернополь, Винница, Кировоград.

Кейінірек сол бүкіл өткен жолды Яременко Я.Д. кайта өтті, бірақ енді шабуылдап, сонан Прагада жеңісті қарсы алды, 1945 жылдың маусымында жеңген елдер шеруінің қатысушысы болды (АҚШ, Франция, Англия).

Оңтүстікте соғыстың екінші айында Мартыненко Павел Иванович алғаш рет жаумен кездесті, кіші қарулы артиллериялық техник, кейін артереллиялық шеберханалардың бастығы. Ол Одессаның  қорғанысында қатысқан, кейін Севастопольдің Кавказбен Украинаның бірінші майданында соғысты.

Ржев маңындағы соғыс Успен селосында туып-өскен Абенов Кайкенге есіне сақталды, сержант 101 қазақ халық аралық от бригадасының бөлім бастығы.

Сталинград астындағы соғысқа қатысқан батырлардың бірі Босько Федор Гурьевич, Лозов селосында туып-өскен. Сталинград облысы Калач-на-Дону қаласында шабуылын еске түсіріп, әңгімеледі: «Есте қалғаны біз алты адам 21 немісті тұтқынға алғанымыз».

Сталинградттағы әскери әрекеттерде және Паулюс қоршап алған топтамасын жоюда Тлеумет селосында туып-өскен Наукенов Негмат Сабитович қатысқан лейтенант –артиллерист, зенит батареясының командирі. «Қаралым өте қорқынышты, - Неғмат Сабитовичтің айтуынша.- күнді түннен айыра алмайсың: бүкіл жер қараңғы. Сталинград қираған үйіндіде. Маған аэродромды құрт деп тапсырма берді. Біз артиллериялық оқ атуды сағат таңғы 4.00 бастағанбыз, 8.00 бітірдік. Батареяның 6 қаруы кәдімгі кононада құрады, жауға дамыл берген жоқпыз».

Тапсырманы табысты өткізген соң лейтенант Наукенов «Батырлық үшін» алқамен марапатталды. Сталинградтан кейін Курская дугадағы соғысқа қатысты, Брест, Минск, Чернигов, Киев, Луцк қалалардың босатылуында қатысты, Берлин штурмына, рейстаг станесінде өзінің қолын қалдырып кетті.

Курская дуга соғысының аяғында және Харьковті босатуда Образцов селосында туып-өскен Михайлюк Николай Павлович қатысқан, Тамбовтағы жаяу әскер училищесінің түлегі. Қызыл Әскер шабуылының және батысқа қарай жылжуымен ол Краснодар, Полтава, қалаларын босатуға қатысты, Днепрді жылдамдатты, 1944 жылының мамыр айында ауыр жарақаттанып әскерден қайтты.

1944 жылдың күзінде Укрина 4-ші майданында кіші лейтенант Пудин Григорий Иванович, соғысты, село Новопокровта туып-өскен, ұшақ экипажының штурманы. Ол Украинаның оңтүстігін босатуға қатысты, 1944 жылы Крым жартылай аралын. 1945 жылдың ақпаннан бастап бірінші прибалтикалық шабуылда қатысты.

Шығыс Пруссия соғысында село Павловта туып-өскен Милевский Максим Иванович қатысты. 1942 жылдың ақпан айында Қызыл әскерге шақырылды, кіші командирлер мектебін аяқтап, Сталинград, Южный, 2 Украина, 1 Прибалтикалық, 3 Белорустық соғыстарында қатысқан.

1945 жылдың 5 ақпанында таңертең Зонд Шығыс Пруссия ауданында Гитлер соғысқа дайындалып жатты: қару жарақ орналастырып, жаяу әскерлер әкелінді. Аға сержант Милевский Максим Иванович «бөтен жерде» өзінің пушкасын жасырып қойыпты, гитлер сезген де жоқ.

Біраздан кейін фашистер шабуылын бастады. Бүкіл бойымен тізіліп келе жатты. Олардың минометтері мен артиллериялары бүкіл күшпен шабуыл бастады. Дұшпан танктері көрінді. Жаяу әскер кетуге мәжбүр болды. Танктер мен жаяу әскер жақындағанда, Милевскийдің қаруы от ашты. Бірінші от 3 танк пен 2 жаяу әскер жаралады. Осы соғыс үшін 1945 жылдың 10 ақпанында Милевский М.И. Совет Одағы Батыры дәрежесі берілді.

Ұлы Кеңес Соғысы Лозов ауданының еңбекшілерінің алдында қиын мәселелер түғызды.

1941 жылдың 22 қазанында Лозов ауданында 2589 эвакуацияланған адам әкелінді.

Ұлы Кеңес Соғыста Лозов ауданында халық аралық – этникалық және жер аударған халықтың көбі осында пана мен баспана тапты. Олардың арасында немістер, поляктар, ирандықтар, шешендер, ингуштар және т.б.

Осы Ұлы Кеңес Соғыс кезінде Лозов ауданының өмірі әскери қатал уақытымен өтті «Барлығы әскер үшін, барлығы жеңіс үшін», «Барлық күш дұшпанды құлату үшін!», «Әскерише жұмыс істеу!».

Лозов аудорынкомитетінің төрағасы Швацкий Г.И. өзінің баяндамаларында мәлімдеді: «Біз әскерге немен көмектестік!»

1. біздің аудан 20 айлық соғыс ішінде 21 полк әскерилер жіберді

2. жүздеген автомашина, ондаған тракторлар

3. 8 эскадрон кавалериясына жылқылар берілді

4. біздің ауданның еңбекшілері 4739 мың дана жылы киім жинап берді, оның ішінде 2000 дана пима.

5. 1 500 000 рубль әскери қарыз; 400 мың рубль киім лотереясы;

6. танк колоннасын салу үшін 1 550 мың рубль жиналды және т.б.

1945 жылы Лозов ауданында жоғары өнімді звеноларды құру үшін қозғалыстар басталды. Оның бастамашысы Дацкова Анна Илларионовна, комсомолка, «Отозек» колхозының есепшісі.

Комсомол жас өспірім бригадасы Валентина Изосимова, «Путь к коммунизму» колхозында тың игерушісі болып істеген, Лозовй МТС жылдық жоспарды бірінші болып игерді.

Лозов ауданының басты оқиғасының бірі, ол 1954 жылдың қазанында Тимирязев атындағы жемсовхозының құрылуы. Оның орталық усадьбасы Карабура ауылдың манатында пайда болды. Бірінші көшпенділер болып кеңес әскерден келгендер болды, оның ішінде Еременко, Мирошниченко, Липилин, Мазурик және т.б. Алғашында олар шатырларда тұрды.

1955 жылдың қаңтар айында тыңды және кен жерлерді қамту үшін Алматыдан жас тың игерушілер жіберілді, ал 1955 жылдың наурыз айында Ленинград және Ленинград облысынан  жаңа көшпенділер тобы келді. Совхозда Кубаньнан келген жаңа көшпенділер де орналасты. 1955 жылдың жазында Тимирязев атындағы совхозында қанауға 2 мың кв.м. астам мекен жай салында, мектеп, дүкен, монша, астана салынды, клуб, аурухана, бала бақшалар, өнім ғимараттары салынып жатты.

1960-70 жылдары тұрмыс қызметінің дамуы ауылдықтардың өмірін жеңілтеді деп саналды. Ауылдарда халықты күтетін тұрмыс пунктері ұйымдастырылды. 1975 жылдың ортасына қарай аудандық комбинатпен тұрмыс күтудің бір тізімі таныстырылды және 16 тұрмыс шеберхана тұрғын пункттерде, онда 160 адам жұмыс атқарды.

1970-1971 жылдары ауданда 42 мектеп болды, оның ішінде 9-орта, 16- сегіз жылдық, 17-бастауыш, оқушылардың жалпы саны 8754 адам болды. Ауданда мұғалімдер арасында көбіненесе педагогикалық шеберлер болды.

Мектептерде КазССР еңбектері сіңірген мұғалімдер еңбек атқарды: №1 Успен орта білім беру мектебінде – Яременко Л.С., Богатырьдегі сегіз жылдық мектебінде – Ульянич А.Н., «Құрмет белгісі» орденімен №1 Успен орта білім беру мектебінің оқу меңгерушісі Майер Г.В. марапатталды, №2 Успенка орта жалпы білім беру мектебі Пакова К.К. еңбекшінің Қызыл Жалауы орденімен – Ильичев орта мектебінің директоры – Загретдинова В.Ф. марапатталды.

Қазіргі кезде №1 Успен орта жалпы білім беру мектебі ұжымының директоры Ахажанова Б.М. 42 мұғалім 400 –ден астам баланы оқытып тәрбиелеп жатыр. Ұжымда педагогикалық еңбектің ардагерлері жұмыс атқарады: Калина Г.И., Чекрыгина Г.В., Свиридонова Л.В., Кошман И.И., Ковтун Е.Н., басқалар да. Мектепте өзінің тәрбиелеу жүйесі құрылған.

Қазіргі күндері №2 Успен жалпы білім беру мектебінде 245 оқушы 15 жинақ сыныптарында оқып жатыр, педагогикалық ұжым 30 мұғалімнен құралады. Мектепте 2 компьютерлік сынып, интернетке жалғанған, мектепте 4 ән күй көркем ұжымдар жұмыс атқарады (жетекші - Черненко Г.В.) спорт секциялары (жетекшілері - Козий А.Г. мен Калыков А.Н.). казіргі кезде мектеп басқармасы директор – Галимов А.Г., оқу тәрбиелеу жұмысының директор орынбасары – Жакашева Т.Н., тәрбиелеу жұмысынан директор орынбасары – Абарова В.Н.

2000 жылы Успенде мемлекеттік тілде №3 Успен орта жалпы білім беру мектебі ашылды. Бірінші директоры Булкаирова Бахытгүл Боштаевна болды. Қазіргі кезде мектеп директоры Малаева Ф.Т.

200-2005 жылдары мектепте 152 оқушы оқытылды.

Успен №25 кәсіпкерлік мектеп 1938 жылы Белоцерков селосында пайда болды (1968 жылдан Ильичев селосы). 1959 жылы мектеп Успенге ауыстырылды. Училищенің бірінші директоры Мукашев В.М. болды, содан кейін 12 жыл Чуканов В.С. қолдады. 2000 жылдың наурыз айынан Наукено Д.Н. жетекші болды. Қазіргі кезде 22 оқу кабинеті қызмет атқарады, 6 зертхана, 3 шеберхана, тігу цехы бар. Қазіргі уақытта 22 оқытушы және 8 өндіріс оқытушы шеберлер жұмыс кадрларын дайындайды.

2000 жылы «Успен орталық кітапхана жүйесі» ММ құрамына 18 кітапхана кіреді. Оның ішінде 1-аудандық, 17 селолық кітапханалар, онда 25 кітапханашы еңбек атқарады. Аудандағы кітапханалардың фонд бірлестігі 240381 кітап данасын құрайды. Қазіргі кезде аудандағы кітапханалар дамудың жаңа сатына кірді. Ауылдық кітапханалардың компьютеризациясы өтіп жатыр.

Бүгінгі күнге ауданда медицина қызметін көрсетушілер аудандық аурухана, туберкулез ауруханасы, Константинов учаскелік аурухана, 4 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 10 фельдшерлік пункт. Аудандағы медицина жұмысшылардың саны: дәрігерлер – 24, медбикелер – 76. Барлық ауылдық дәрігерлік амбулаториялар жаңа жедел жәрдем автомашиналармен қамтамасыз етілген.

Ауданда мәслихат жұмыс атқарады. өзінің өкілеттігіне сәйкес мәслихат ауданның әлеуметтік-экономикалық орта шұғыл жоспарын, аудан бюджетін, аудан бағдарламасын бекітеді. Бағдарламалардың орындалуын аудандық мәслихат сессияларында қарастырады.

Қайта құру  өткесін ауданның экономика және қаржы бөлімінің әрекеттері көбейді.

Аудандық Қазынашылық бөлімі өзінің жігерін бюджеттің нормативті-әдістемелік базаны нығайту үшін жібереді, бюджетті нақты және қатаң атқару үшін қаржы рәсімін жасау үшін.

Ішкі ведомство жұмысын әбден жетілдіріп аудан салық қызметі жаңа ақпарат технологиялар электрондық жүйе есептемесіне көшіп салық төлемшілер мен салық органдарының қарым қатынасын жеңілдету үшін барлық жағдай жасайды.

Ішкі істер бөлімі мемлекеттік органдармен табысты қатынаста, оқу орындармен және ұйымдармен жасөспірімдерді әскери қызметке дайындауда және жасөспірімдердің әскери – отаншылдықтарын тәрбиелеуде.

Успен ауданының әділет басқармасының басты мақсаты өзінің құзыретінің ішінде, мемлекет әрекетін құқықпен қамтамасыз ету, мемлекеттік мекемелеріндегі жұмыстың заңды қалпында сақтау, лауазымда адам мен азаматтарды ұйымдастыру, азаматтар мен мекемелердің қорғаныс құқықтар, заңмен қамтамасыз ету.

«Сельские будни» газетінің редакциясы – ұйымдастырылған күнінен бері бірнеше рет атауын өзгертсе де, өзіне берілген. Бүгінгі күні «Сельские будни» газеті – ауыл мен ауылдықтар туралы.

Аудандық телекоммуникация торабы – аудандағы ең алғаш сандық станция байланысы 2004 жылы Павлов селосында орналастырылды. 2005 жылдың қаңтар айында Галицк селосында сандық станция қойылды. 2005 жылдың тамыз айында ауданда 1700 нөмірге сандық станция құрастырылды.

Аудандық пошта байланыс торабы – қазіргі уақытта Успен ауданының аумағында 15 байланыс бөлімдері мен 2 байланыс пошта торабы жұмыс атқарады. «Казпошта» АҚ келесі қызмет түрлерін атқарады: жеткізу, жазбаша хабар жеткізу, пайымдау, мерзімдік басылымға жазылу, «поштамен тауар» қызметі, ҚР 2 деңгейлі банктің қызметін атқарады.

1998 жылы қазан айында Глазырин атындағы ӨК базасында «Галицкое» ЖШС құрылды. Жалпы жер көлемі-39298 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы пайдаланатын жер-30434 га, егіс алаңы-18703 га, шаруашылықтың басты бағыты – мал шаруашылығы. Жалпы бас саны:ІҚМ- 3328 бас, оның ішінде сиыр – 1068 бас, шошқа - 254 бас, жылқы - 282 бас.

«РЭГТайм» ШҚ - басты бағыты: ет және сүт өнімі – неміс сырларын шығару, май, шұжық өнімі; дәндік өнімі-650 га, еттік бағыт - ІҚМ-800 бас, шошқа 400 басқа дейін. Неміс сыры үлкен сұраныста және Қазақстан аумақтары бойынша жылына 100 тоннадан көп жабдықталады. өнімнің жаңа түрі дамып жатыр - ерітілген, ысталған, шұжық сырлары ауысымда 1 тоннаға дейін өндіріледі.

«Штрек» шаруа қожалығы 342 га егістіктен басталған, 26 бас ІҚМ сатылып алынды. Қазір ТАБ-арқылы Канадада өндірілген КЛАСС комбайынның және «Morris Concept» егу комплексін лизинг арқылы алды. Комплекстерді жинап, жөндеген Германия мен Канада мамандары, сол кезде агрегеттарда балаларына әңгімелеп оқытты.

Успен ауданының тарихы бірнеше ата-баба ұмытылмас оқиғаларын өзіне сіңіп оны сақтайды, 2003 жылы рухани өмірдің тууы туралы.

2003 жылы жексенбі күні Успен селосында Успения Пресвятой Богородицы шіркеуінің салтанатты түрде ашылуы болды және Мұсылман Мешітінің құрылысының 1-ші кірпіші салынды.

2006 жылдың 23 қазанында Успен селосында Мұсылман Мешітінің ашылуы болды. Осы оқиғалар жан үшін үлкен маңызын атқарды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp