Мүлікті жария ету туралы

02.12.2015

Құрметті Успен ауданының тұрғындары!

Успен ауданы әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 13 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 400-V Заңына сәйкес, мүлікті жария етудің мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылғанын хабарлайды. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды беру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2016 жылғы 30 қарашада аяқталады.

Мүлікті жария етуді (ақшадан басқа) өткізу бойынша комиссия, Успен ауылы, Ленин к-сі, 71, № 11 каб., тел. 91031 мекенжайында орналасқан «Успен ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде құжаттарды қабылдауды өткізеді.

Успен ауданы әкімінің аппараты

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp