«Мүлікті жариялау жөнінде сұрақ-жауап»

27.10.2015

№ 1 сұрақ. Жекешелендіруге қандай мүлік жатады?

Жауап: заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі,
оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға рәсімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа), құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектінің меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар), Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

 № 2 сұрақ. Қайта құрылған тұрғын үй жекешелендіруге жата ма. Жер телімі жеке меншік құқығында және мақсатты нысанына сәйкес келеді?

Жауап: Қайта құрылған тұрғын-үй құрылыс нормаларына сәйкес келетін болса, жекешелендіру субъектінің жеке меншік құқығында жататын және оның мақсатты нысаны жер телімінің мақсатты нысанына сәйкес келетін болса жекешелендіруге жатады.

№ 3 сұрақ. Бұрын тастаған және мемлекет коммуналдық меншігіне алған тұрғын үй мен жерді жекешелендіруге бола ма?

Жауап: Жоқ, жаса алмайсыз, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес жылжымайтын мүлікті жекешелендіру, өтініш иесінің меншігінде болып табылатын жер телімінде орналасқан жағдайда, мүмкін.

№ 4 сұрақ. Жол жиегінде болып табылатын кафені жекешелендіруге бола ма?

Жауап: Салық органдарда тіркелмеген кәсіпкерлік әрекеті Заңмен қаралмаған. Бұл мәселе ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» және Салық кодексімен реттеледі. ҚР мүлікті жекешелендіру үшін жергілікті атқарушы органдар алдында құрылатын комиссияларға өтіну қажет.  Кафе құрылыс нормаларына сәйкес келетін болса,  жекешелендіру субъектінің жеке меншік құқығында жататын және оның мақсатты нысаны жер телімінің мақсатты нысанына сәйкес келетін болса жекешелендіруге жатады. Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде өтініш, жеке куәліктің көшірмесін, аттестация өткізген сарапшының қорытындысы, техникалық паспортты ұсыну қажет

№ 5 сұрақ. Менің туыстарыма жататын жер телімінде құрылған тұрғын-үйді жекешелендіруге бола ма?  

Жауап: Жоқ, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес жылжымайтын мүлікті жекешелендіру, өтініш иесінің меншігінде болып табылатын жер телімінде орналасқан жағдайда, мүмкін. Осындай үйді жекешелендіруге мүмкін емес.

№ 6 сұрақ. Техникалық паспортты міндетті түрде жекешелендірудің алдында алу қажет пе?

Жауап: Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде өтініш, жеке куәліктің көшірмесін, аттестация өткізген сарапшының қорытындысы, техникалық паспортты ұсыну қажет. Сәйкес, техникалық паспортты, өтініш берердің алдында алу қажет.

№7 сұрақ. Нақты мөлшерлері рәсімдеу құжаттарында көрсетілген мөлшерлерге сәйкес келмейтін гаражды жекешелендіруге бола ма?

Жауап: Құрылыс нормаларына сәйкес келетін болса, жекешелендіру субъектінің жеке меншік құқығында жататын және оның мақсатты нысаны жер телімінің мақсатты нысанына сәйкес келетін болса гаражды жекешелендіруге болады.

№ 8 сұрақ. Әкемнің жеке меншік құқында болып табылатын жер телімін жекешелендіруге бола ма?

Жауап: Жекешелендіруге басқа тұлғаға, яғни алған табыстарды жасырын жасау мақсатында жекешелендіру субъектінің табыстарына сатып алынған мүліктік иесі болып шыққан тұлғаға рәсімделген жылжымайтын мүлік жекешелендіруге жатады. Тиісті емес тұлға (бұдан әрі – басқа тұлға) – алған табыстарын жасыру мақсатында жария ету субъектісінің табыстарына сатып алынған мүліктің меншік иесі ретінде әрекет еткен тұлға болып табылады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp