«Стоматологиялық қызметтерді көрсету саласындағы проблемалық мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел

27.10.2015

Ағымдағы жылғы 27 қазан күні Успен аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасында басқарма басшысы А.Е. Жалелованың төрағалығымен «Стоматологиялық қызметтерді көрсету саласындағы проблемалық мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өтті, оған орталық аудандық аурухананың өкілдері Л.М. Смердова, Г.Т. Разиев, Н.Б. Исенов, Павлодар облысы Успен ауданының кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры С.Н. Пацан, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағасының 1-ші орынбасары А.В. Ви., «Успен ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-ң, «Жас талап» жастар қоғамдық бірлестігінің, Павлодар облысы тұтынушылардың құқытарын қорғау жөніндегі департаменттің өкілдері, Успен аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы А.О. Мамунова қатысты.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – стоматологиялық қызметтерді көрсету саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сапалы стоматологиялық қызметтерді ұсыну үшін бар мәселелерді шешу.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі органның басты міндеттері: тұтынушылардың құқытарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру, мемлекеттік органдардың бейкоммерциялық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен бағдарламаларды өткізу, заң жобаларын әзірлеу және лоббилендіру, дөңгелек үстелдерді, конференцияларды өткізу, тұтынушылық білімді дамыту болып табылады.

Дөңгелек үстелдің жұмыс барысында Г.Т. Разиевтың, А.О. Мамунованың сөз сөйлеулері тыңдалды.

Баяндамашылардың сөз сөйлеулерін талқылау қорытындылары бойынша стоматологиялық қызметтерді көрсету саласындағы проблемалық мәселелерді анықтау бойынша, сондай-ақ, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында дөңгелек үстелдің қатысушыларымен стоматология және емделуші арасында жазбаша түрде стоматологиялық қызметтерді көрсету кезінде шарт жасасу туралы ұсыныстар қабылданды.

Тұтынушылар хабардарлығы мақсатында Успен ОАА-ға тұтынушы-емделушінің құқытары туралы кең насихаттау жұмысын жүргізумен тұтынушы бұрышын ұйымдастыру ұсынылды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp