ҚР рухани келісім күніне орай дөңгелек үстел

21.10.2015

21 қазан күні «Жас Талап» жастар қоғамдық бірлестігі «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірдесіп ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, ҚР рухани келісім күніне орай дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шараға жергілікті дін өкілдері, мемлекет қызметкерлері, сонымен қатар ұстаздар мен жастар қатысты. Бірінші болып сөз бастаған Жүсіпбаев Азамат Қазақстан Руспубликасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «мемлекеттің нық тұруы ұлтаралық және дінаралық келісімге тығыз байланысты» деген үндеуін тілге тиек етті. Успен ауданындағы діни хал-ахуал туралы жиналған жұрт алдында ішкі саясат бөлімінің діни істер жөніндегі инспектор – Канзюба Н., Успен ауылдық шіркеуінің өкілі – Демитриченко В.Ф., және аудандық мешіттің имамы Оразов К.Ж. өз ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы басшысының орынбасары Ви А.В. мырза осындай отырыстардың аудан тұрғындары үшін маңызы зор, дінаралық сұрақтардың шешімін табуға таптырмайтын мүмкіндік екендігін, Таяу Шығыста болып жатқан мәселелерді елімізде болдырмау мақсатында өткізіп отыру керектігін, және де біздің мемлекет салт-дәстүрін сақтап, 50-ден астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті, достықта өмір сүріп жатқандығын айтып өтті.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp