«Жастар сайлауды қолдайды!» атты сайлау науқаны

14.04.2015

2015 жылғы 20 наурыз күні Павлодар облысында «Жастар сайлауды қолдайды!» атты сайлау науқаны бастау алды. Науқан шеңберінде ауыспалы нышан - «Сайлау - 2015» танымбелгісі бар кубогын тапсыру рәсімі өтеді, ол Павлодар облысының аудандары мен қалаларына тапсырылады.

Аталмыш іс-шараның міндеттері – сайлауға жастардың қызығушылықтарын арттыру, жастардың саяси ақпараттылығын арттыру, сондай-ақ, сайлау және қоғамның саяси өміріне қатысуға жастарды тарту болып табылады.

14 сәуір күні эстафетаны Ақсу қаласынан біздің Успен ауданы қабылдады. Ақсу қаласының өкілдері «Сайлау - 2015» танымбелгісі бар кубокты салтанатты түрде біздің ауданға тапсырды.

Іс-шараның барысында аудан жастары алдында Ақсу қаласы Жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілі М.Е. Бакасова, аудан Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры А.Б. Жүсіпбаев, «Жас Отан» жастар қанатының өкілі С.Ш. Елгонденов, аграрлық-техникалық колледждің оқытушысы З. Ермұрат және аграрлық-техникалық колледждің студенті А. Дюсекеев сөз сөйледі.

Сөз сөйлеушілер қазіргі уақытта әлемдік деңгейдегі саяси және экономикалық жағдай тұрақсыз, бұрын тұрақты болған көптеген елдердің экономикалары құлап жатқанын, жұмыссыздық өсіп жатқанын атап өтті. Сол жақтағы жастар өмірде өз орындарын таба алмай жүр, ертеңгі күнге сенімдері жоқ. Сол уақытта Қазақстанда, біз мемлекет тарапынан қамқорлықты сезініп отырмыз. Президенттің кезектен тыс сайлауын қолдау – бұл жастардың біздің Отанымыз біз өз болашағы үшін ертеңгі күнді таңдау. А. Дюсекеев ол алғашқы рет сайлауға қатысатынын және ол үшін бұл өте жауапты қадам екенін атап өтті.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp