Мерейтойлық медальдар табысталды

10.04.2015

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің саяси – кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті.

Жұма күні аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Б. Демеуов Қазақстан Республикасы  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан және оның тапсырмасы бойынша Успен ауылында тұрып жатқан Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне «1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медальдарын салтанатты түрде табыстап, жиналған ардагерлерге жылы лебізін арнап, бізге тыныш өмір сыйлағандарыңызға көп рахмет, еліміз аман жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын, сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмай, келер ұрпаққа өнеге болып қала бермек деді,-аудан әкімі. Наградталған адамдарға бірыңғай мерекелік медальмен бірге медальдың  куәлігі тапсырылды. Сұрапыл жылдары қан майданда күресіп, тылда жан аямай еңбек еткен ардагерлердің құрметіне ауданның шығармашылық топтары шағын концерт ұсынды.

Ә.Сқақова.

12

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp