Кездесу нәтижелі өтті

09.04.2015

Өткен бейсенбіде «Балдырған» балалар-эстетикалық орталығының залында облыс әкімінің орынбасары Н.К.Әшімбетовтың, облыстық  басқармалардың  және қаржылық институттары мамандарының қатысуымен  аграрлық кеңес өтті. Осы кеңеске ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары және шаруа қожалық басшылары қатысты. Кеңес аудан әкімі Б.С.Демеуовтың төрағалығымен  өтті. 

Мәжіліс  барысында облыс әкімінің орынбасары Нұржан Кемерұлы  Әшімбетов 2014 жылы облыстық  агроөнеркәсіп кешенінің  дамуымен қатар 2015 жылға алға қойған мақсаттарды  және мемлекетіміздің агроөнеркәсіп саласында  болып жатқан  жаңалықтарды, оң өзгерістерді кеңінен әңгімеледі.

Әрі қарай кеңеске арнайы келген облыстық басқармалардың және қаржылық институттардың мамандары өз салалары бойынша баяндамалар жасады. Алғашқы болып өз баяндамасын облыстық ауыл шаруашылығы басқарма бастығының орынбасары Зенов Марат Балтабайұлы жасады. Өз баяндамасында республикалық және облыстық бюджеттен бөлінетін субсидиялар жайлы, сонымен қоса ауылшаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмектер жайлы айтты. Жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді. Келесі болып өз баяндамасын аудан әкімі орынбасары Б.Х.Жүсіпбаев жасады. Бейбіт Хамитұлы өз баяндамасында аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан іс-шаралары жайлы айтып өтті. Аудан шаруа қожалықтары түрлі бағдарламалар бойынша несиеге қыруар қаржы алып, шаруашылықтарын кеңейтіп жатқандығын, алдағы егін кезеңіне техникалардың дайын екенін жеткізді. Бұл баяндаманы мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Кемерұлы осы сала бойынша бірнеше сұрақтар қойып, атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толмайтынын жеткіз отырып, алдағы уақыттарда ауқымды шаралар атқаруды тапсырды.  «Аграрлық  кредиттік корпорация» АҚ-ның директоры Аманжолов Болат Аменұлы өз баяндамасында «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларының орындалу барысын, ережелерін, қандай мақсаттарға несие алуға болатыны жайлы айтты. Сонымен қоса айтылған бағдарламаларға қатусы үшін қойылатын талаптаржайлы нақты мәліметтер берді. Осы бағдарламаларға қатысып, несие алған успендік шаруа қожалықтары барлығын айтып, мысалдар келтіріп өтті.

«КазАгроФинанс» АҚ-ның директоры Тоғызбаев Данияр Әбдакімұлы «ҚазАгроФинанс» қорынан 2015 жылға бөлінген қаржы көлемі, қандай мақсатқа көзделгені жайлы бяндама жасады. Баяндама барысында ауылшаруашылығы техникаларын лизингке алу ережелері, пайыздық көрсеткіштері жайлы түсінік берді. Ерінбей еңбек етіп, табыс табам дейтін кез-келген адам өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін төмендетілген пайызбен несие алуға болатынын айтты. Келесі болып өз баяндамасымен көптің алдына «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры» АҚ-ның директоры Ықласова Сайра Жарылғапқызы шықты. Өз баяндамасында 2015 жылға арналған бағдарламалармен және қаржыландыру ережелерімен таныстырды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры» АҚ арқылы шаруа қожалықтарынан бөлек, кез-келген жеке тұлғалар да әртүрлі мақсатқа несие ала алатынын жеткізді. Несиенің пайыздық көлемі қаржыны қандай мақсатқа жұмсауға байланысты екенін айтып, нақты түсінік берді.

«Павлодар ғылымы-зерттеу институты» ЖШС-нің маманы Т.А.Қабыкенов көктемгі егіс уақытына алдын ала, дайын болу, мол өнім алу үшін қандай жұмыстар атқару керектігі жайлы мәліметтер берді. Облыс бойынша өздері жүргізген тәжірибе жұмыстарының нәтижесімен бөлісті.

Шара соңында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Н.К.Әшімбетов ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлініп, шаруашылық  басшыларын  толғантқан әр түрлі түйіткіл мәселелер шешіліп келеді. Жоғарыда аталған бағдарламаларға міндетті түрде қатысып, шаруаларыңызды кеңейтуге мол мүмкіндік бар,- деп алдағы жұмыстарына сәттіліктер тіледі.

Сәкен Алдабергенұлы

12

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp