Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

08.04.2015

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Д.Р. Арғандықовтың тапсырмасы бойынша облыста «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасына қатысу мәселелерін тұрғындарға түсіндіру жөніндегі Мобильді топтар құрылды.

Бекітілген кестеге сәйкес 2015 жылдың 8 сәуірінде біздің ауданның екі елді-мекенінде, олар Успен және Қозыкеткен ауылдарында Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдерімен кездесу өткізілді.

ЖҚЖК-2020 бағдарламасына қатысу мәселесі бойынша облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің басшысы Төлепбергенова Айман Сарғынқызы баяндады. Ол өз баяндамасында бағдарламаны іске асырудың кезеңдері мен қағидаттарына нақты тоқтады, облыс пен ауданның кескінінде бағдарламаға нысаналы топтардың қатысуы туралы статистиканы ұсынды.

Сондай-ақ, шара аясында «Өрлеу» пилоттық жобаны іске асыру туралы түсініктемелер берілді, ол туралы басқарманың бас маманы Хаханова Раиса Валерьевна айтты.

Мәжіліс барысында 2011-2013 жылдары аралығында шағын несиелер алған, және бүгінгі күні бизнесті дамытып және кеңейтіп өз әлеуетін іске асырып жатқан жұмыспен қамту 2020 Жол картасының қатысушылары сөз сөйледі. Олардың бірі Белоусов Константин Краснославович, жеке кәсіпкер, күнбағыс майын өңдеу бойынша бизнесі бар. Өз сөзінде ол жұмыс тәжірибесімен бөлісті, семинар қатысушыларын белсендірек болуына және өзгерістерден қорықпауына шақырды.

Өз пікірлерімен Нұралинова Айнагүл Майданқызы мен Сипий Людмила Михайловна да бөлісті.

Жұмыс іздеушілерге орталықтың фойесінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, оның барысында әр өтінген тұлға тиісті кеңестерді алды. Нысаналы топтардан барлығы 105 адам қатысты, олар жұмыссыз азаматтар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, аз қамтылған отбасыларының азаматтары. 38 адам кеңес алды, 7 адам ЖҚЖК-2020 бағдарламасының қатысушыларына жазылды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp