Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

06.04.2015

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Д.Р. Арғандықовтың тапсырмасы бойынша облыста «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасына қатысу мәселелерін тұрғындарға түсіндіру жөніндегі Мобильді топтар құрылды.

Бекітілген кестеге сәйкес 2015 жылдың 8 сәуірінде біздің ауданның екі елді-мекенінде, олар Успен және Қозыкеткен ауылдарында Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдерімен кездесу өтеді.

Және де, жұмыс іздегендерге бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, оның барысында әр өтінуші жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушілермен сұхбаттасудан өте алады, сонымен қатар, Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы мен «Өрлеу» жобасына қатысуға үміткерлер мамандардан толық кеңес ала алады және қатысуға жазбаша өтініш бере алады.

Успен ауылында кездесу мен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 8 сәуірде сағ. 10.00-ден 13.00-ге дейін «Балдырған» балалар эстетикалық орталығында өтеді.

Қозыкеткен ауылында кездесу мен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі сағ. 15.00-де ауылдық әкімдіктің мәжіліс залында өтеді.

Бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілерді, жұмыссыздарды, өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандарды, әз қамтылған азаматтарды белсенді қатысуға шақырамыз.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp