Аудан әкімінің жұмыс сапары

02.04.2015

2 сәуір күні аудан әкімі Б.С. Демеуов жұмыс сапарымен Қаратай және Богатырь аулыдарында болды. Аудан әкімі ауылдардың әлеуметтік және өндірістік объектілерін аралады.

Сапар барысында аудан әкімі азаматтардың жеке қабылдауын өткізді және ауылдықтардың барлық сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, Қаратай және Богатырь ауылдарының тұрғындары қысқы уақытта жолды тазалау мәселесін, жұмысқа орналасу, Қаратай ауылының мектеп қазандығының ағымдағы жөндеуі сұрақтарын көтерді. Әрбір сұрақ бойынша аудан әкімі түсіндірулер мен тиісті қызметтерге тапсырмалар берді. Соның ішінде, Богатырь ауылының әкіміне жолды тазалау мәселесін ерекше бақылауда ұстауын тапсырды. Жұмысқа орналасу сұрағы бойынша аудан әкімі тұрғындарға жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғалу органдарында тіркелу керектігіне кеңес берді. Сонымен қатар, бүгінгі күні мемлекет шағын және орта бизнесті дамыту үшін жақсы мүмкіндіктерді ұсынып отырғанын және жергілікті тұрғындар мемлекеттік қолдаудың шараларын белсендірек пайдаланып, өз ісін ашу керектігін атап өтті. Тек кәсіпкерлікті ғана дамыта отырып, ауылды көтеріп, оны дамудың жаңа деңгейіне шығаруға болады.

Аудан әкімі Қаратай және Богатырь ауылдарының әкімдеріне ауылдарды дамыту бойынша бір қатар тапсырма берді.

IMG-20150402-WA0001  IMG-20150402-WA0000

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp