«Қазақстан және әлемдік қауымдастық: халықаралық ұйымдар мен одақтарға қатысу тәжірибесі» атты дөңгелек үстел

31.03.2015

31 наурыз күні Успен аграрлық-техникалық колледжінде «Қазақстан және әлемдік қауымдастық: халықаралық ұйымдар мен одақтарға қатысу тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтті.   

Дөңгелек үстелдің жұмысына Жастар бастамаларын дамыту орталығының, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, аграрлық-техникалық колледждің басшылығы және студенттері, аудан жастары қатысты. Кездесуді «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалының атқарушы хатшысы С. Елгонденов ашты. Ол, қазіргі сәтте Қазақстан халықаралық саясаттың ірі ойыншысына айналғанын, бұл оның екі құрлық Еуропа мен Азияның шекарасындағы халықаралық қарым-қатынастардың негізгі қатысушылары Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасы арасындағы жақсы географиялық жағдайымен шарттасқанын атап өтті. Кең аумақтардың, пайдалы қазбалар мен басқа табиғи ресурстарының үлкен қорларының бар болуы, елге өзінің халықаралық саяси рейтингісін көтеруге көмектеседі.

Дөңгелек үстел барысында өз пікірлерімен ауданның Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры А. Жүсіпбаев, Успен аграрлық-техникалық колледж директорының орынбасары С. Қалықов, ауданның Жастар бастамаларын дамыту орталығының нұсқаушысы В. Сартисон және аграрлық-техникалық колледждің студенттері бөлісті.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары үшін Қазақстанның халықаралық ұйымдарында төрағалық етуі туралы бейнеролик көрсетілді.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp