«Менің алғашқы сайлауым» атты акциясы

27 наурыз күні Успен аграрлық-техникалық колледжінде «Менің алғашқы сайлауым» атты акциясы өтті. Акцияға аграрлық-техникалық колледждің 16 студенті қатысты, олар 26 сәуір күні алғашқы рет дауыс береді.

Жастар алдында аудан Жастар бастамаларын дамыту орталығының өкілдері, аграрлық-техникалық колледж директорының орынбасары С. Қалықов сөз сөйледі.

Аталмыш акцияны өткізудің басты мақсаты – қазақстандық патриотизмді және Қазақстанның болашағы үшін жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру. Ал акцияның міндеттері – сайлауға деген жастардың қызығушылығын арттыру, жастардың саяси ақпараттылығын арттыру, сондай-ақ, жастарды сайлауға және қоғамның саяси өміріне қатысуға тарту.

Акцияға қатысушылар, сайлау – бұл Қазақстанның болашағы және жас ұрпақ ретіндегі біздерге еліміздің тағдыры бәрібір емес екенін, сондықтан, сайлауға келіп, өз дауысын беру әрбіріміздің парызымыз екенін, атап өтті.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

Кім онлайн

There are currently 0 users online.

Яндекс.Метрика
as