Наурыз мейрамы

22.03.2015

22 наурыз күні Наурыз мейрамы мерекелік таңның сұр салқын әсем көрінісінде жарқыраған бояулармен жайнады, ал орталық алаңда жиналған успендіктерге адамдардың мейірімді күлкілері мен балалардың қызарған беттері жылылықты қосты. Наурыз ашық сахнада театрланған көріністерден басталды және көркем өнерпаздық қатысушылардың концертімен жалғасты.

Аудан әкімі Б.С. Демеуов успендіктерді құттықтай отыра, барлығына Қазақстан халқын біріктіретін жарқын мереке әрбір шаңыраққа жақсы көңіл-күймен, игі үміттермен және мол дастарқанмен болуын тіледі.

Алаңда орнатылған әдемі безендірілген киіз үйлер қонақтарды шақыра отырып, Наурыз көжемен және бауырсақтармен күтіп тұрды. Ауылдықтар ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық шараларға, конкурстарға, викториналарға көтеріңкі көңіл-күймен қатысты, халық тұтынатын тауарлардың, ұлттық тағам өнімдерінің мерекелік саудасы кеңінен жайылды, жас балалар алтыбақанда тербелді, ойындар мен конкурстарға қатысты, қалағандарынша тәттілерге тойды. Мерекелік шараның соңында ұтылыссыз ауылшаруашылық лотореясы ойнатылды.

Ауданда Наурыз мейрамын мерекелу шеңберінде «Мисс Наурыз – 2015», «Отанымның салт – дәстүрі» аудандық конкурстары, «Наурыз нұры» атты мерекелік концерттік бағдарламасы өткізілді. Жоғарыда аталған конкурстардың жеңімпаздары мереке құрметіне орай сыйлықтарға ие болды.

12  13  14

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp