Журналисттер мен ұлттық мәдениет орталықтары өкілдерінің кездесуі

21.03.2015

Аудандық мәдениет үйінің конференц-залында «дөңгелек үстел» басында Павлодар облысы бас редакторлар клубы мен Ресей Федерациясының Новосібір облысынан, Славгород қаласынан, Карасук, Бурла аудандарынан келген қонақ делегацияларының – журналисттер мен ұлттық мәдениет орталықтары өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Онда екі тақырып талықланды: «Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтары арасындағы тату көршілік байланыстар мен қарым-қатынастарды нығайтудағы журналисттердің рөлі туралы», «Ұлтаралық келісім, аймақтық қауіпсіздік және тұрақтылық мәселелерін баяндаудағы БАҚ-ң рөлі».

Аудан әкімі Б.С. Демеуов қатысушыларға құттықтау сөзін арнады. Кездесудің жүргізушісі Павлодар облысы бас редакторлар клубының төрағасы М.М. Омаров өз сөзінде, шара тарихи, халықаралық сипатта екенін атап өтті.

Өзара сапарға бару, тәжірибе алмасу, журналисттердің халықаралық форумдарына қатысу – мұның барлығы тәжірибеде бар. Ресей тарапынан осы қызметке жеке үлесті А.Г. Челноков қосуда – Новосібір облысы журналистер одағы басқармасының төрағасы, «Журналистика – категория нравственная» тақырыбында конференцияларды тұрақты өткізудің бастамашысы, оған қазақстандық БАҚ-тар да қатысқан.

Павлодар облысы ҚХА төрағасының орынбасары С.К. Жетпісбаев тәжірибемен бөлісті. Ассамблея жанында медиа-орталық құрылды, сайты бар, облыстық газеттерде арнайы беті бар, онда облыстың 23 этномәдени бірлестіктерінің қызметі туралы әңгімеленеді. Сонымен бірге, ол мемлекеттік тілді үйренуге жастардың ұмтылысын атап өтті, қазақ тілін жетік меңгерген ұлдар мен қыздардың аттарын атады. Өз кезегінде, Новосібір облысы Бурла ауданы Новосельский ауылының қазақ мәдениеті орталығының жетекшісі С.И. Ускенбаева сөз сөйледі.

Мемлекеттік тапсырыс және БАҚ пен биліктің қарым-қатынасы мәселесі талқыланды, бұл мәселені А.Б. Лаврушенко көтерді - «Сибирьтелефильм» компаниясының бас директоры.

Кездесу барысында ұсыныстар пайда болды: материалдармен алмасуды жалғастыру, тәжірибе алмасумен баспасөз-турлары, газеттердің беттерінде «Біздің көршілерде» айдарларын ашу, шекаралас редакциялардың сайтын құру, оған екі елдің БАҚ-нан материалдар келіп түсетін болады.

Кездесу қорытындылары бойынша Павлодар және Новосібір облыстарының журналисттік ұйымдары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға, сондай-ақ, Успен және Карасук аудандарының редакциялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Одан кейін қазақстандық және ресейлік тараптармен марапаттау және естелік сыйлықтарды тапсыру рәсімі өтті.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp