«Отанымның салт дәстүрі» атты аудандық байқау

20.03.2015

Қазақстан халықтары Ассамблеясының жылын және Қазақ хандығының 550- жылдығын тойлау шеңберінде аудандық мәдениет үйінде Наурыз – көктем мерекесін тойлауға арналған «Отанымның салт дәстүрі» атты аудандық байқауы өтті.

Бұл жылы қазылар алдына қазақ халқының мәдениеті ұсынылды. Аталған іс – шараның маңыздылығы ерекше. Жас ұрпақ бабаларымыз мұра етіп қалдырған дәстүріміз бен мәдениетімізді сақтау қажет. Аталған іс – шараның негізгі мақсаты Қазақстан халықтарының бірлігін, қоғамдық, ұлтаралық және мәдени келісімді нығайту болып табылады.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдеге ие болған Ковалев а. ұжымы (Тарихи дерек: Қазақ хандығының қалыптасуы, қазақ тайпаларының бірігуі), 1 орында – Успен с. «Балдырған» БЭО («Құда түсу» үйлену рәсімі), 2 орында Лозов а. («Құда түсу» үйлену рәсімі), 3 орында Богатырь а. «Беташар» үйлену рәсімі).

Жеңімпаздар мадақтамалармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp