«Нөлдік шыдамдылықты тәрбиелеу қоғамның әрбір мүшесінің міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел

18.03.2015

18 наурыз күні Орталық аудандық кітапханада «Нөлдік шыдамдылықты тәрбиелеу қоғамның әрбір мүшесінің міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Отырыстың жұмысына ішкі саясат бөлімінің, Жастар бастамаларын дамыту орталығының, «Нұр Отан» партиясының, аудандық кітапхананың өкілдері, Успен аграрлық-техникалық колледжінің студенттері және аудан жастары қатысты.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары «STOP қылмыс» партиялық жобасының іске асырылуын, құқық бұзушылықтарға «нөлдік шыдамдылықты» қалыптастыру, құқықтық мәдениет пен халықтың сауаттылығын арттыру мәселелерін талқылады.

Жастар, заңды тыңдау мәдениеті аздан басталады деген пікірге келді, ауылдың, қаланың, облыстың әрбір тұрғыны қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға нөлдік шыдамдылықты қалыптастыруға белсенді қатысуы керек. Халықтың барлық топтарының, әсіресе, жастардың қоғамдық құқықтық тәртіпті қолдау бойынша күш салуларын жұмылдыру қажет.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp