Облыстық мәслихат депутаттарының көшпелі отырысы

17.03.2015

2015 жылғы 17 наурызда Успен аграрлық-техникалық колледжінде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жастарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша облыстық мәслихат депутаттарының көшпелі отырысы өтті. Делегацияны «Галицкое» ЖШС директоры А.А. Касицын басқарды, сонымен қатар, ол облыстық мәслихаттың депутаты болып табылады. Отырыс жұмысына аудандық мәслихатының хатшысы Р.Қ. Бечелова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.В. Ви, жұмыспен қамту орлығының директоры А.С. Ванова. Спикерлер жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы әңгімеледі, жастардың сұрақтарына жауап берді. Өткізу орны кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі, колледж бітірушілері негізінде ауылшаруашылық мамандықтарды алады және өз істерін ашқылары келеді – ІҚМ және ҰҚМ өсіру, фермерлік және шаруа қожалықтарды ашу. Ал жастардың көбі жай ғана жұмысқа орналасу қиындығымен жиі қақтығысады. Сөйтіп, «БЖК 2020» және «ЖҚЖК 2020» бағдарламалары жастар үшін тиімді пайыздар бойынша ақшалай несиелер мен қарыз алуды ұсынады және мұнымен барлық ниет білдіргендерге өз жоспарларын іске асыруға көмектеседі.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp