«Қазақстанның болашағы үшін!» тақырыбында жастар пікірталас клубының отырысы

14.03.2015

14 наурыз күні Орталық аудандық кітапхананың базасында «Қазақстанның болашағы үшін!» тақырыбында жастар пікірталас клубының отырысы өтті. Кездесу, бірінші кезекте, қоғамның тұрақты дамуын қолдау және ұлттың бірлігін нығайту бойынша белсенді қызметке, жастар бастамаларын дамыту және қолдауға, өзекті жастар мәселелерін, мемлекеттік бағдарламаларды талқылауға аудан жастарын тартуға бағытталған.

Отырысқа колледж студенттері, жас мұғалімдер, жұмыс істейтін және белсенді жастар қатысты. Өз көзқарастарымен ішкі саясат бөлімінің, Жастар бастамаларын дамыту орталығының, кәсіпкерлер палатасы филиалының өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары бөлісті.

Отырыстың қатысушылары «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламаларды, «Жастар кадрлық резерві», «Сәтті қадам» партиялық жобаларды талқылады. Отырыстың қатысушылары үшін Успен ауданының жастар бастамаларын дамыту орталығы Павлодар облысының жастары туралы бейнероликті көрсетті.

Аудандық кітапхананың қызметкерлері Президенттің Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Жолдауы және Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктері бойынша кітап көрмесін рәсімдеді.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp