«Наурыз аруы 2015» аудандық байқауы

13.03.2015

Наурыз айының шуақты күндерінің бірінде Наурыз мейрамы қарсанында ауданда «Наурыз аруы 2015» аудандық байқауы өткізілді, бұл шара Қазақ хандығының құрылуына 550 – жылдығына теңестірілді.

Бұл байқауға 6 ару қатысты. Сахна төрінде домбыра әуенінде өлең жолдары мен монологтар оқылды. Қыздарымыз кесте тігуде шеберлік танытты. Мереке кешкі киім үлгілерімен аяқталды.

Қыздар қатысқан бес тур қорытындысы бойынша Гран При иегері Успен с. «Балдырған» БЭО көрсеткен Садыкова Дамира деп танылды. 1-ші орында Кармазь Софья (Ковалев а.), 2-ші орында № 1 Успен ЖОББМ оқушысы Шикунова Алена, 3-ші орында Куанбек Сұнқар (Лозов а.).

Қалған қатысушыларда орынсыз қалған жоқ, олар номинацияларда аталды. Байқаудың барлық қатысушылары естелік сыйлықтармен, алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды.

Сонымен қатар бұл күні ен кішкентай біздің арулар арасында  «Мини мисс Наурыз 2015» атты байқау өткізілді, бұл байқауға 10 ару қатысты. Олар сәнді киім және сәндеп қойылған шаш үлгілерін көрсетті, қолда бар заттар арқылы жасанды заттар жасауда ептілік танытып, аналары үшін 8 наурыз мейрамына көңілді өлеңдер мен билер арнады. Төрт тур қорытындысы бойынша қазылар Гран При иегері № 1 Успен ЖОББМ оқушысы Смердова Наталья деп таныды, 1 орында №3 Успен ЖОББМ оқушысы Жұмадирова Әйгерім, 2 орында Сулеева Дана(Ольгин а.), 3 орында Тойкенова Индира (Қозыкеткен а.).

12

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp