«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының ауданның кәсіпкер-әйелдерімен кездесуі

06.03.2015

Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңсесінде аудан әкімі, партияның аудандық филиал төрағасы Б.С. Демеуовтың ауданның кәсіпкер-әйелдерімен кездесуі өтті.

Кездесуді аша отырып, аудан әкімі, партияның аудандық филиал төрағасы бірінші кезекте барлық әйелдерді Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Бүгінгі кездесу – бұл сіздердің еңбектеріңізді, көптеген игі істеріңізді, сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық-саяси өміріне сіздердің қосқан үлестеріңізді мойындау болып табылатынын атап өтті.

Кездесу еркін жағдайда дастарқан басында өтті. Сұхбат барысында кездесудің қатысушыларымен, олардың қызметімен таныстық өтті. Одан кейін пікірлермен алмасты, оның барысында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыруда аудан әйелдерінің қатысуы туралы айтылды.

Кездесудің соңында барлық қатысушыларға аудан әкімінің атынан гүлдер мен құттықтау хаттары тапсырылды.

IMG_0287

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp