Допты хоккей

07.03.2015

Ағымдағы жылдың 7 наурызында Успен с. БЖСМ мұз айдынында Успен ауданының 80-жылдығына арналған допты хоккей жарысы өтті. Турнирға төрт команда қатысты, олар шеңберлі жүйеде ойын көрсетті. Көрсетілген ойындар қорытындысы бойынша бірінші орында «Молодежная» командасы, екінші орында «Ветераны» командасы және үшінші орында Лозов а. командасы болды. Жүлдегерлер қатарынан тыс қалған Галицк а. командасы. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің атынан бағалы сыйлықтармен және мадақтамалармен марапатталды. Жақсы төрешілік көрсеткен В.И. Курсаков пен А.В. Бондаренко.

Біздің аудандағы допты хоккей жанкүйерлері бұл спорт түрі Павлодар облысының басқа аудандарында да дамуын және бұл жарыстар облыстық деңгейде өтетінін күтуде.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp