"Нұр Отан" партиясының Успен аудандық филиалының 18-ші кезектен тыс конференциясы

02.03.2015

2 наурыз күні «Нұр Отан» партиясы Успен аудандық филиалының 18-ші кезектен тыс конференциясы өтті. Конференция пікірлермен еркін алмасу үлгісінде өтті.

Конференцияның жұмысына аудан әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы Б.С. Демеуов, партияның Павлодар облыстық филиалының саяси кеңес бюросының мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты, «Галицкое» ЖШС директоры А.А. Касицын, мемлекеттік органдардың басшылары, аудандық мәслихаттың депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері және қатардағы партия мүшелері қатысты.

Конференцияның қатысушылары 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Қазақстан халық Ассамблеясы кеңесінің бастамасын талқылады. Және елдің жетекші саяси күші ретінде «Нұр Отан» партиясы осы бастаманы толығымен қолдайтынын атап өтті.

Конференция барысында партияның облыстық филиалының 17 кезектен тыс конференциясына аудан атынан баратын делегаттар сайланды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp