«Нұр Отан» партиясының Күніне арналған республикалық «Бірыңғай ашық есіктер күні» акциясы

27.02.2015

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында республикалық «Бірыңғай ашық есіктер күні» акциясы өтті. Шараға аудан әкімі, аудандық филиалының төрағасы Б.С. Демеуов, ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, партия ардагерлері, мемлекеттік органдардың басшылары және аудан жастары қатысты.

Кездесу пікір алмасу форматында өтті. ҰОС ардагерлері және тыл еңбеккерлері тарапынан бірнеше сұрақтар көтерілді. Аудан әкімі, аудандық филиалының төрағасы барлық сұрақтарға нақты жауаптар берді. 

Кездесу барысында аудан әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы «Нұр Отан» партиясының қызметі туралы, партия жоспарлары мен даму перспективалары жөнінде баяндап, ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне ауданның қоғамдық өміріне қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде ҰОС ардагерлері Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастамасын қолдап, кездесу қатысушыларын сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Осы күні салтанатты түрде «Нұр Отан» партиясының қатарына жас, белсенді адамдар қабылданды. Б.С. Демеуов жаңадан қабылданған партия мүшелеріне жұмыстарына сәттілік тілеп, партия жобаларына белсене қатысуға шақырды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp