Жастар үшін қоғамдық қабылдау

12.02.2015

12 ақпан күні Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, Успен ауданының «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе  Успен ауылының АМҮ-де біздің ауданымыздың жастары үшін қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Қоғамдық қабылдаудың мақсаты – жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдесу, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын түсіндіру, жас адамдарға жеке заңгерлік және психологиялық көмек көрсету.

Іс-шара барысында ҚР Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің маманы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі қағидаттары туралы әңгіме жүргізді, Павлодар облысы Жастар бастамаларын дамыту орталығының психологтары «Көшбасшылық қасиеттерді дамыту», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» атты тренингтерді өткізді. Сондай-ақ, жастар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу жөніндегі инспектор және жастар мен жас отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу жөніндегі инспектор жеке ақыл-кеңестерді өткізді.

Іс-шараға білім беру, денсаулық сақтау саласының жас мамандары, жас мемлекеттік қызметшілер, колледж студенттері мен аудан мектептерінің оқушылары, жұмыссыз жастар қатысты.

IMG_3667

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp