"Қыспен қоштасу" көпшілік серуені

22.02.2015

Жексенбі күні 22 ақпанда «Балдырған» б/о Успен селолық округінің әкімі мен әкімдер орынбасарларының қатысуымен Масленицаны тойлау және шығарып салу өткізілді. Бұл мерекелік күн дәмді, қып – қызыл құймақтармен, көңілді ойындар мен билердің, әндер мен частушкалардың жетегінде өтті.

«Балдырған» б/о фойесінде Успен ауданының № 1, 2, 3 мектептері мұғалімдерінің, «Балапан» балабақшасы қызметкерлерінің әзірлеген дәмдері ұсынылған үстелдері жайылды.

Ал сахна төрінде масленица аптасының әдет-ғұрыптары жайындағы көріністер орын алды. Театрланған қойылымға аудан орталығының ардагерлер хоры, балалар мен ересектер қатысты.

Мереке соңында жиналған қауым Масленица - шөптен жасалған мүсінді өртеп, ызғарлы қыспен қоштасып, шуақты көктемге есігін ашты.

11  13

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp