Волейбол бойынша Қ. Махамбетовке арнап естелік ретінде ашық турнир

15.02.2015

2015 жылдың 15 ақпанында Қоңырөзек ауылдағы Павлов ЖОББМ спорт залында және АМҮ әйелдер мен ерлер командалары арасында волейбол бойынша Қ. Махамбетовке арнап естелік ретінде ашық турнир өтті. Павлов ЖОББ мектебіндегі өткен турнирдің ашылу салтанатты рәсімінде акт залында қатысушыларға, туған-туысқандарға, көрермендерге Қ. Махамбетов туралы фильм көрсетілді. Қатысушылар алдында ауыл әкімі Р.З. Кумуков, мектептегі тәрбие жөніндегі директордың орынбасары Д.Б. Үдербаева, мектеп мұғалімі Н. Сқақова, Н. Махамбетов үлкен ағасы және жарыстың төрешісі В.А.Пилягин сөз сөйледі. Жарыста 14 команда, оның ішінде 8 ерлер және 6 әйелдер командасы қатысты. Әйелдер командалары арасында үшінші орын Успен ауылының командасы, екінші орын Қоңырөзек ауылының командасы және бірінші орын Галицк ауылының командасы орын алды. Ерлер командалары арасында үшінші орын Галицк ауылының командасы, екінші орын Успен ауылының командасы және жүлде орын Шарбақты ауданының құрама командасы алды. Жарыстың жабылу рәсімінде Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі мен Махамбетов отбасының туыстарымен бірге жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, грамоталар, ауысымды кубоктар және ақшалай сыйақы берілді.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp