Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бастау сәтіне арналған салтанатты іс-шара

06.02.2015

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бастау сәтіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты іс-шара аудан шеберлерінің қолданбалы халық шығармашылығының көрмесінен басталды.

2015 жылы Қазақстан халық Ассамблеясына 20 жыл толады, осы атаулы күнге және бейбітшілік пен келісім саясатының ерекше өзектілігіне, осы бағыттағы тәрбие жұмысының маңыздылығына байланысты жалпыреспубликалық кең ауқымды акциялар мен іс-шаралар өтеді.

Музыканың сүйемелдеуімен ауданда тұратын әртүрлі халықтардың өкілдері ұлттық киімдерде сахнаға шығып, Қазақстан халық Ассамблеясының туын салтанатты жағдайда кіргізді, мектеп оқушылары да ұлттық киімдерде сахна алдында шарлармен, «Бір ел – бір тағдыр!», «Біздің таңдау – бірлік!», «Біз әртүрліміз, теңбіз» ұрандарымен сапқа тұрды.

Аудан әкімі, Қазақстан халқы Ассамблеясы аудандық филиалының басшысы Б.С. Демеуов осы оқиғаның қатысушыларын құттықтап, біздің еліміздегі әрбір халық өз тілі мен мәдениетін дамыту мүмкіндігіне ие екеніне ерекше көңіл бөлді, осы ұйымның бірегейлігін, біздің басты игілігіміз – халықтың бірлігін және болашақта үлкен үміттерін сақтаудағы оның маңызды рөлін атап өтті.

Құттықтау және бірлік идеяларын қолдау сөздерімен «Қазақстан мұсылман әйелдер лигасы» аудандық филиалдың басшысы К.М. Қабиева сөз сөйледі, ол біз бірге тұрғызған достық үйді нығайтуға, бір отбасымен бірге өмір сүруге және тудыруға шақырды. Аудандағы Қазақстан халық Ассамблеясының бағдарламасы ұсынылды: тұрғылықты емес ұлт өкілдері арасында мәнерлеп оқу сайысы, «Бірлігіміз жарасқан» фестивалі, «Бірлік – единство.kz» креативті жастар жобасы, қахақ хандығының 550 жылдығына орай конкурс өтеді, жас мамандар облыстық конкурсына қатысу.

Форум барысында және оның соңында жалпы көңіл сергектік жағдайында жастар «Қазақстан Ассамблеясы – бұл мен!», «Қазақстан Ассамблеясы – бұл біз!», «Менің таңдауым – бірлік!» «ұрандарын» дыбыстандырды.

2  3

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp