Аудан әкімінің халық алдында қорытынды есептік кездесуі

06.02.2015

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халық алдында есептік кездесулерді өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Б.С. Демеуовтың қорытынды кездесуі өтті, онда ауданның барлық ауылдары мен селолық округтерінен делегациялар қатысты. Қорытынды кездесуге Павлодар облысы әкімінің орынбасары Нұржан Кемерұлы Әшімбетов қатысты.

2014 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндамасымен аудан әкімі Б.С. Демеуов сөз сөйледі. Ол ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарын, сала келешегін атап өтті, АӨК-ң бағдарламаларына қатысуға аудан кәсіпкерлері мен шаруашылық жүргізуші субъектілерді тартуда жұмысты жеделдетуді, халық арасында осы сұрақ бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды.

Қорытынды кездесу барысында аудан тұрғындары аудандық орталықтың солтүстік бөлігінің тұрғындарын сапалы сумен қамтамасыз ету, Успен ауылындағы Элеваторная көшесін жөндеу жөніндегі сұрақтар көтерілді, сондай-ақ, аудан тұрғындарын Жеңістің мерейтойына орай тыл еңбеккерлеріне материалдық көмек көрсету, әрбір селолық округте жастармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаушылар мөлшерлемелерін бөлу жөніндегі мәселелер қызықтырды.

Барлық сұрақтарға аудан әкімі толық жауап берді.

Іс-шара Павлодар облысы әкімінің қорытынды кездесуіне аудан делегациясын сайлаумен аяқталды.

2  4  3

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp