Әкім шыршасы

26.12.2014

26 желтоқсанда «Балдырған» БЭО жыл сайынғы аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасы болып өтті. Шараға 5-8 сыныптардың 70 оқушысы шақырылды. Аудан әкімі Б.С. Демеуов балаларды келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға денсаулық, оқуларында сәттілік тіледі және барлық 70 оқушыға сыйлық табыстады. Ал «Балдырған» БЭО музыкалық және би шоуын, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қызықты ойын-сауық бағдарламасын даярлап, жақсы көңіл-күй сыйлады. Аяз Ата мен Ақшақар балалардың тақпақтары мен өлеңдерін сүйсіне тыңдады. Келе жатқан жылдың нышаны – жеті лағы бар Ешкі мерекелік бағдарламаны  аяқтады.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp