Успен ауданына облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының көшпелі отырысы

23.12.2014

Аудандық Мәдениет үйінде облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының көшпелі отырысы өтті, онда тыл еңбеккерлерін, жалғыз басты зейнеткерлерді және азаматтардың басқа санаттарын әлеуметтік қорғау жөніндегі жұмысты жандандыру бойынша Успен аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысы туралы аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Л.И. Белаяның есебі тыңдалды.

Облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшелері кеңес төрағасы Р.Ш. Шөкеевпен бірге осы бағыттағы аудандық ардагерлер кеңесінің жағымды қызметін атап өтті. Успен аудандық ардагерлер ұйымының жұмыс тәжірибесі облыс ардагерлер ұжымдарының қызметінде пайдалану үшін жинақталып, ұсынылады деген шешім қабылданды.

Облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының жұмысына аудан әкімінің орынбасары А.А. Дисюпова қатысты.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp