Т.Е. Айткужиновтың құрметіне арналған турнир

20.12.2014

Қозыкеткен ЖОББМ спорт залында Т.Е. Айткужиновтың құрметіне ерлер мен әйелдер командасы арасында волейбол бойынша кубогына дәстүрлі аудандық жарыстары өтті.

Жарысқа 6 ерлер және 6 әйелдер командасы қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша ерлер командасы арасында жүлделі 3-ші орынға Галицкое а., 2-ші орынға Успен с. командалары ие болды. Қозыкеткен а. командасы 1-ші орын алып, ауыспалы кубоктың иегері атануы сан жетпес жанкүйерлердің шексіз қуанышына себепші болды.

Әйелдер командасы арасында 3-ші орында Қозыкеткен а., 2-ші орында Қоңырөзек а. және 1-ші орында Галицкое а. командалары.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сонымен қатар үздік ойыншылар мадақтамалармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Турнирдің негізгі демеушісі «Айткужинов» ШҚ болды.

Виртуалды жолбасшы

  • image01
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image02
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image03
    Аудандық фотогалерея. Көру
  • image04
    Аудандық фотогалерея. Көру

Телефон доверия

WhatsApp